Кейкі батырға кесене салынады - Тарихи нысандар|06 Наурыз 2017, 20:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Кейкі батырға кесене салынады

Биылғы жылы Қостанай облысында тарихи маңызы бар екі ескерткіш бой көтереді. Оның бірі Амангелді ауданындағы ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Кейкі батырдың кесенесі болса, екіншісі Шақшақ Жәнібек тархан монументі. Бұдан бөлек облыста алғашқы ұстаз Ыбырай Алтынсарин мазарын қалпына келтіру жоспарлануда.

Қазір Кейкі батырдың мәйітін жерлейтін орын анықталып, мазар құрылысының жобасы бекітілген. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқталады деп күтілуде.

«Кейкі батырдың кесенесін салу біз өткізетін шаралардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Амангелді ауданының Тасты ауылының маңынан кесене салатын орын таңдалды», -дейді Қостанай облысының Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.

Айта кету керек, өткен жылдың ең елеулі оқиғаларының бірі Кейкі батырдың бассүйегін елге қайтару болған еді. Ресей мен арадағы ұзақ жылдарға созылған келіссөздер өз нәтижесін беріп, батырдың сүйегі елге оралды. Ғалымдар оған сараптама жасап, бет-бейнесін қалыпқа келтірді.

Muslim.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер