Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы - Өмірбаян|04 Қараша 2016, 15:44
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы

1957 жылы Алматы облысы Илинка ауданының Дмитриевка аулында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген, мамандығы «заңгер». Милиция генерал-майоры.

1979 жылдан бастап – тергеуші, аға тергеуші, тергеу бөлімінің бастығы, Алматы облысы ІІБ Илинка ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
1988 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ-нің қоғамдық қауіпсіздік бөлімі бастығының орынбасары.
1989 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Қапшағай ІІБ-нің бастығы.
1992 жылдан бастап – Алматы облысы ІІБ Криминалдық милиция басқармасының бастығы, Алматы облысы ІІБ бастығының бірінші орынбасары.
1997 жылдан бастап – Алматы қаласының ішкі істер бас басқармасының бастығы.
2003 жылдан бастап - Алматы облысы ішкі істер бас басқармасының, Ішкі істер департаментінің бастығы.
2005 жылдан бастап – Қазақстан Республикасының ішкі істер бірінші вице-министрі, вице-министрі.
2009 жылдан бастап – Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің бастығы.
2011 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
Мынадай мемлекеттік наградалармен марапатталған:
2-ші дәрежелі «Данқ» орденімен, «Астана» медалімен
"Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін", "Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарынын ардагері", "Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" мерейтой медальдарымен, «ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері»
Үйленген, үш бала тәрбиелеуде, жеті немересі бар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер