Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы - Өмірбаян|02 Қараша 2016, 15:41
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Бишімбаев Қуандық Уәлиханұлы

Қазақ мемлекеттік басқару академиясының («Халықаралық экономикалық қатынастар»), М. Дулати ат. Тараз мемлекеттік университетінің («Құқықтану»), «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дж. Вашингтон ат. Университетке қарасты Менеджмент және бизнес мектебінің («Іскерлік әкімшіліктендіру магистры») түлегі.

2001 ж. – «Қазақстанның даму банкі» АҚ Қарыз алу және құрылымдық қаржыландыру басқармасының Менеджері; 2002-2003жж. – Бюджеттік саясат және жоспарлау департаментінің Атқарымдық талдау бөлімінің бастығы, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті Инвестициялық жоспарлау және талдау басқармасы бастығының орынбасары;

2003-2004 жж. – Басқарушы директор, «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма мүшесі;

2004-2005 жж. – Басқарма Төрағасының Орынбасары, «Маркетингтік және талдаулық зерттеулер орталығы» АҚ;

2005 ж. – «Ордабасы» Корпорациясы» АҚ Вице-президенті, «Интеркомшина» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы;

2005-2006 жж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі;

2006ж. – ҚР Премьер-Министрінің орынбасарының кеңесшісі;

2006-2007 жж. – ҚР Индустрия және сауда министрлігіне қарасты «Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Президенті;

2007 ж. – ҚР Индустрия және сауда вице-министрі;

2008-2009 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

2009-2010 жж. – ҚР Президентінің Көмекшісі;

2010-2011жж. – Экономикалық даму және сауда вице-министрі;

2011-2013жж. – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарма Төрағасының Орынбасары;

2013ж. мамырынан бастап – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы №250 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
21 Қараша 2018, 09:48
Сіз қанша қант «ішесіз?»
Пікірлер