BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Түйе түлігіне қатысты мақал-мәтелдер

Көшпелілер өмірінде түйе түлігінің де орны айрықша. Атам қазақтың өткен өмірін жылқы мен түйесіз елестету мүмкін емес. Соған байланысты, түйе малын қаншама мақал мен мәтелге өзек еткен.

Түйе көп болса, жүк симас.

Құданың түйесін сұра, қорыққанынан биесін берер.

Мал өсірсең түйе өсір, пайдасы оның көл-көсір.

Жылқы – малдың патшасы, түйе – малдың қасқасы.

Аттың атағы, түйенің табаны үлкен.

Түйе қашып, жүктен кете алмас.

Түйе өлген жерде жүк қалады.

Арамнан алған түйеден,

Адалдан алған ешкі жақсы.

Төркін десе қыз төзбейді,

Көкпек десе түйе төзбейді.

Түйе – шудасын,

Жылқы жалын,

Сиыр мүйізін төсейді.

Түйе байлық, жылқы мырзалық.

Түйені жел шайқаса,

Ешкіні көктен табарсың.

Жебір түйе жабуын жер.

Түйенің танығаны жапырақ.

Әр түйенің өз шешуі бар.

Барақыш* та балтырдан алады.

(*Барақыш – иттің аты).

Атан-түйе ойнаса жұт болады.

Ат - биеден, аруана - түйеден.

Түйе мінген адам үш бүктеле алмайды.

Түйенің бурасы жақсы,

Сөздің турасы жақсы.

Түйе даулап - лақ ал, лақ ал да - тына қал.

Қажы өлсе, түйеден жүк кемиді.

Түйені көпір астына жасыра алмайсың.

Бота беріп, түйе қалады.

Түйе жүкті тарта алмаса да,

Түңіліп бақыруын қоймайды.

Түйенің қай жабасына жатқанын қара.

Түйе тұрғанша, күрмеп қал.

Мықты болсаң түйенің мойнынан ұсташы.

«Мойның неге қисық?» десе түйеге:

«Түзу нәрсе пешенеме тие ме?» депті.

Түйеге «Ойна!» десең,

Дүниенің ойранын шығарады.

Түйе мінген қой арасына жасырына алмайды.

Түйенің өзі үлкен болса да,

Құмалағы үлкен емес.

Жылан өз иірлігін білмейді,

Түйенің мойнын күндейді.

Барлық жүкті көтерген түйе,

Бақырды да көтеруге күші жетеді.

Кішкене түйенің жүгі де мардымсыз.

Аңдамаған түйені де көрмейді.

Есегінде тұсау жоқ,

Түйесіне қом жасамақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер