Төрт түлік - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төрт түлік

Тұсаулы мал ұзамас. (Ю.Баласағұни)

***

Сәйгүліктің арқасын жауыр қылма. (М.Қашқари)

***

Ит қаппас деме,

Ат теппес деме. (М.Қашқари)

***

Айт жеткізіп білімдіге мұны ұғар:

«Құлын ат боп, қысырақ та тынығар» (М.Қашқари)

***

Сулығы бар ат жер тарпымайды. (М.Қашқари)

***

Сорлы есектің құны жоқ – жүк көтерер күші қымбат. (С.Сарайи)

***

Ат шабады – ер шаттанады. (Қорқыт)

***

Ат төбелі ай болмас. (М.Қашқари)

***

Аңдыз болса – ат өлмес. (М.Қашқари)

***

Арпасыз ат қыр аспас. (М.Қашқари)

***

Ат пен есекке мүйіз шығып жарытпайды. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)

***

Соқыр құлын аттан емшек іздейді. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)

***

Қотыр ат көлік болмас. (М.Қашқари)

***

Ер – атымен,

Құс – қанатымен. (М.Қашқари)

***

Арабы сәйгүлік қанша көтерем болса да бір үйір есектен артық. (С.Сарайи)

***

Жабы семірсе – желігіп бітеді. (Ю.Баласағұни)

***

Екі қошқардың басы бір қазанға симайды. (М.Қашқари)

***

Ширақ ешкіні жақсы жартас құтқарады. («Алтын шежіре»)

***

Серкеш еті – ем болар,

Ешкі еті – жел болар. (М.Қашқари)

***

Қорада лақ туса, өрісте оты өнер. (М.Қашқари)

***

Үйдегі бұзау өгіз болмас. (М.Қашқари)

***

Болатын бұзау өгіз болмас. (М.Қашқари)

***

Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы бол. (М.Қашқари)

***

Кәрі өгіз балтадан қорықпайды. (М.Қашқари)

***

Сүзеген сиырға құдай мүйіз бермейді. (М.Қашқари)

***

Түйенің өзі дәу болғанмен, құмалағы дәу болмайды. (М.Қашқари)

***

Іңген ыңыранса, бота боздар. (М.Қашқари)

***

Алыс жолдың іздерін түйе білер. (Қорқыт)

***

Түйе сілкінсе, есекке жүк шығады. (М.Қашқари)

***

Екі бура таласса, ортасында шыбын өледі. (М.Қашқари)

***

Түйеде жоқ ерлік, арыстанда болады. (С.Сарайи)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер