Тәкаппарлық пен кішіпейілділік - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:42
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Тәкаппарлық пен кішіпейілділік

Тәкаппар адам ұшпаққа шықпас. (Ю.Баласағұни)

***

Тәкаппар тонын киме «біл!» демегім,

Халықты кеуде керіп тілдемегін.

Нышаны момындықтың – кішіпейіл,

Кішік боп еш адамды күндемегін. (А.Йүгінеки)

***

Дандайсыма, кеудеңді құр көтерме,

Сеніп болмас, қу дүние өтер де. (Ю.Баласағұни)

***

Кішіпейілдің абыройы асады,

Тәкаппардың құты қашады. (А.Йүгінеки)

***

Өзгертпе ұлық болсаң өз күйіңді,

Ұмытпа шайы кисең бөз киімді.

Дәрежең өскен сайын ұстамды бол,

Айта біл жас-кәріге сөз түйінді. (А.Йүгінеки)

***

Тәкаппарлық – қай тілде болса да қасиетсіз сөз. (А.Йүгінеки)

***

Тағы бір керекті сөз айтам дастан,

Ұғып ал құлақ салып мендей достан.

Айнымас кішіпейіл бола білгін,

Аластап тәкаппарлық ойды бастан. (А.Йүгінеки)

***

Тәкаппарлық хақ жолынан тайдырар. (Ю.Баласағұни)

***

Тәкаппар – тақсірет тартады. (М.Қашқари)

***

Өзімшіл – өз пайдасын көздейді. (Ю.Баласағұни)

***

Елге жүк артпай, өзің жүкші бол. (Ю.Баласағұни)

***

Тәкаппарлықты тәңірі сүймес. (Қорқыт)

***

Құрмет кейбіреуді тәкаппар етеді. (Ю.Баласағұни)

***

Нағыз ер біліктілігін білдіруге әуес емес. (С.Сарайи)

***

Азға қанағат қылғанды барлық жерде сыйлайды. (С.Сарайи)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер