BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шындық пен өтірік

Жалған сөз – ауру, шаншудай,

Әділ сөз – шипа, жанға жай. (А.Йүгінеки)

***

Бір сөзі өтіріктің бар сөзі өтірік. (А.Йүгінеки)

***

Өтірік сөзден құт қашар. (Ю.Баласағұни)

***

Өтірік сөз өрге баспас. (Қорқыт)

***

Жалған сөйлеген соңынан ұялар. (Ә.Науаи)

***

Шын сөзге жалған сөз жалғама,

Шын айта алатын тілді өтірік сөзбен былғама. (Ә.Науаи)

***

Тағдырын иек шешсе де, сақал соған (өтірік) еркелер. (М.Қашқари)

***

Ғайбат істің өлшеуі – өкініште. (Ю.Баласағұни)

***

Жай сұраса – шындап жауап бер. (Ю.Баласағұни)

***

Жанын сату – қателік. (Құтып)

***

Жақындатпа өсекшіні жырынды –

Көріп-біліп елге жаяр сырыңды. (Ю.Баласағұни)

***

Жалған сөзден жақсылық күтпе:

Екі нәрсе бір адамға келсе егер,

Жақсылық жоқ, жамандыққа жол шегер:

Оның бірі – керексіз сөз, ауан сөз,

Екіншісі – жалған айтқан сөз бекер. (А.Йүгінеки)

***

Шын сөзің – бал, жалған сөзің – жуадай,

Жуа сасып бал иісін қуады-ай!

Шын сөз – шипа, өтірік сөз – кесел ғой,

Ескі сөзден осындай ой туады-ай! (А.Йүгінеки)

***

Сөзі жалған кісінің жүзі төмен. (Ю.Баласағұни)

***

Теріс айтпас кісіге бәрі сенім артады,

Аты шыққан суайтқа қалай ішің тартады! (С.Сарайи)

***

«Шығам, - десең, - беделіңмен есепке» -

Араласпа айдап салар өсекке. (Ю.Баласағұни)

***

Игілікті істі өсек бұзады. (Ю.Баласағұни)

***

Бар бақытты сақта өсектен жұтатар,

Ол кіріссе – жоқтан отты тұтатар. (Ю.Баласағұни)

***

Қаш өсектен – бар қабырғаң сөгілер,

Ол жүргенде ар-ұятың төгілер. (Ю.Баласағұни)

***

Өтірік сөз – жарақат сияқты: жазылса да орны қалады. (С.Сарайи)

***

Шындығы бар жерді мекен ет. (Әл-Фараби)

***

Өзгені жуытсаң да, өсекшіні жуытпа. (Ю.Баласағұни)

***

Өтірікшіден аулақ жүр. (А.Йүгінеки)

***

Жақсының ізін өсекші бұзады. (Ю.Баласағұни)

***

Отын – оттың жануына себеп,

Өсек – достың тануына себеп. (М.Әлі)

***

Пайдасыз шындықтан пайдалы өтірік жақсы. (С.Сарайи)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер