Шама мен болжам - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:52
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шама мен болжам

Әр нәрсенің шегі бар. (Ю.Баласағұни)

***

Барлық адам бірдей емес. (М.Қашқари)

***

Кілеміңе қарай көсіл. (Құтып)

***

Адамның көзі – таразы. (Лутфий)

***

Бес саусақ бірдей емес. (М.Қашқари)

***

Көрпеңнен артық көсілсең – аяғың тоңады. (М.Қашқари)

***

Іш май сары май болмайды. (М.Қашқари)

***

Баршын (жібек) жамауы – баршынға,

Қаршын (жүннен тоқылған мата) жамауы – қаршынға. (М.Қашқари)

***

Әр жіліктің өз майы бар. (С.Сарайи)

***

Көктегі айға қолыңды созба. (Құтып)

***

Біреуге алтын-күміс бер,

Біреуге атақ-біліс бер,

Біреуге тек жұмыс бер. (Ю.Баласағұни)

***

Он саусақтың саны бірдей болғанымен тұрқы бірдей емес. (Құтып)

***

Күшіне қарай – ісі. (Құтып)

***

Ішер су да шарқымен, артық ішсең – зиян. (Құтып)

***

Барлық істе де шамаңды біл. (Құтып)

***

Шам майымен жанады – көп май шамды өшіріп тастайды. (Құтып)

***

Шамы жоқ үйді ұшқын жарық қыла алмайды. (Құтып)

***

Өз мәртебеңнен биікке ұмтылма,

Өз орныңды біле біл. (Құтып)

***

Алақанның аясымен күннің бетін жауып болмайды. (Құтып)

***

Тебегеннің артын сүзеген айырады. (Қорқыт)

***

Шарап болмай тұрып, сірке суы болма. (М.Қашқари)

***

Иегіне қарай сақалын күзейді. (М.Қашқари)

***

Барлық істі де ынсаппен істе. (Ю.Баласағұни)

***

Кіріске қарай шығыс қыл:

Кейде шығын шығар болса бір іске,

Оның өзін шамалап ал кіріске. (Ю.Баласағұни)

***

Үш нәрсе тұрақтамайды:

Бірі – саудаға түспеген мал (дүние),

Екіншісі – таласқа түспеген ғылым,

Үшіншісі – саясаты жоқ патша. (С.Сарайи)

***

Әр адамға сай келетін бір жұмыс бар,

Әр жұмысқа сай келетін бір адам бар –

Осыдан шығатын бір ғибрат бар:

Әр адам өзі білетін ісімен айналыссын. (С.Сарайи)

***

Табысың жоқ болса, шығатын шығыныңды азайт. (С.Сарайи)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер