Сақтық пен салақтық - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сақтық пен салақтық

Құлағы сақтың – ойы кең. (Ю.Баласағұни)

***

Әр істе сақтық керек. (Рашид-әд-дин, Қ.Жалаири)

***

Өзі сақ кісінің ісі де сақ: жарамас іске жуымас. (Ю.Баласағұни)

***

Сынамаған – алданар,

Ойламаған – ұтқызар. (М.Қашқари)

***

Айдапсал жаққан от жанса, сақтықтың суын сеп. (С.Сарайи)

***

Керуен сайын қоңырау – жолдан адам жазбау үшін. (Құтып)

***

Гауһар жоғалмасын десең – сенімсізден сақтан. (Құтып)

***

Кім сақ болса, сол үстем болар. (Ю.Баласағұни)

***

Қатыспай тұрып сынап ал. (Ю.Баласағұни)

***

«Жалғыз отырсаң да қабырғадан сақтан – оның да құлағы бар» деген мәтел бар. (Құтып)

***

Үлкен жолға қонба көрші, жақын да,

Қырсық шалар – ойлан осы хақында. (Ю.Баласағұни)

***

Болма босаң, сақта сақтық іргесін,

Төтен бәле иектеп ап жүрмесін. (Ю.Баласағұни)

***

«Ажалсыз адам өлмес» деп жыланның құйрығынан ұстама. (С.Сарайи)

***

Тұзаққа түсе көрме – буынып өлесің. (Ю.Баласағұни)

***

Қатты сақта, сырыңды ешкім білмесін,

Өз сөзіңнен өкініп, іс келмесін.

Бар құпия ісің болып әшкере

Көрген адам, естіген жұрт күлмесін. (А.Йүгінеки)

***

Айтпа сырды, қара достың түсіне,

Ойлап қара жанашырдың ісіне,

Өз ішіңе сыймаған сыр, шырағым,

Сыя ма екен сол досыңның ішіне. (А.Йүгінеки)

***

Қайсыбір іс кездессе де бетпе-бет,

Оның жайын, алдын-артын айлап өт.

Тәуір болса – тағы толған, еске тұт,

Жаман болса – қатты сақтан, жайлап өт. (А.Йүгінеки)

***

Талайды қамсыздық құртқан. (Ю.Баласағұни)

***

Өзіңнен қорқатын адамнан күні-түні сақтанып жүр. (С.Сарайи)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер