Отбасы жайында (Ата-ана мен балалар) - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:32
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Отбасы жайында (Ата-ана мен балалар)

Ей, білімдар, түзу ұста жібіңді,

Кетпе ұмытып, ойлан тек пен түбіңді. (Ю.Баласағұни)

***

Үй-іші иесіне тартады. (Парсыша, Рашид-әд-дин. Қ.Жалаири)

***

Балалы үйдің сыры жатпайды. (Ә.Науаи)

***

Ер бала елін сүйер,

Қыз бала қырмызыны сүйер. («Монғолдың құпия шежіресі»)

***

Қыз ер жігітке тию үшін өседі. («Алтын шежіре»)

***

Оң жақта отырып қартаятын қыз болмайды. («Алтын шежіре»)

***

Ата-ананың сөзін жерге тастама,

Байып алсаң – менмендікке бастама. (М.Қашқари)

***

Әке мейірімінен ұстаз жәбірі жақсы. (С.Сарайи)

***

Анасы пысық жұқпаны жұқа жасар,

Баласы мешкей қат-қаттап қосып асар. (М.Қашқари)

***

Шыққан тегің жаман болса, өз қылығың танытар. (Ю.Баласағұни)

***

Ананың хақы – құдайдың хақы. (Қорқыт)

***

«Әкеңе игілік етсең, балаңнан соны күт, қартым!» депті біреу. (С.Сарайи)

***

Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді. (М.Қашқари)

***

Тай өссе – ат тынығады,

Ұлы өссе – әке тынығады. (М.Қашқари)

***

Атаның тоны балаға жараса, ол атасын іздемейді. (М.Қашқари)

***

Біреудің баласын бағып бала қыла алмайсың. (Қорқыт)

***

Атаның аты мен орны балаға қалады. (Ю.Баласағұни)

***

Әкеге қарап ұл туар. (М.Қашқари)

***

Ұл туса – әкеге тартар. (Ю.Баласағұни)

***

Ұлсыз өлген кісінің ұрығы жоғалар. (Ю.Баласағұни)

***

Бала қамы – түпсіз теңіз, терең-ді,

Әке-шеше уайымын жер енді.

Болса кімде әйел, қызы, бала да –

Қамкөңіл жан тыныш ұйқы таба ма! (Ю.Баласағұни)

***

Бала әкенің бел күшінен жаралып,

Құрсақта айлап жатады ғой нәр алып.

***

Әке еңбегі ұл бойына сіңіскен,

Көрінеді кейін атқа міністен. (Ю.Баласағұни)

***

Ата өлсе – бала аман. (Ю.Баласағұни)

***

Ұрпақта шек жоқ. (М.Қашқари)

***

Пайдасыз баланы жау көріп, сақтан. (Ю.Баласағұни)

***

Пайдалы құл ұлыңнан жақын. (Ю.Баласағұни)

***

Адам аяғының тұзағы – бала-шаға. (С.Сарайи)

***

Атаның орнын ұл басар. (Ю.Баласағұни)

***

Ұлдың аты – әкенің көзі,

Ұл мен қыз көздің нұры. (Ю.Баласағұни)

***

Ұл – атаның ері, екі көзінің бірі. (Қорқыт)

***

Күл – төбе болмас,

Күйеу бала – ұл болмас. (Қорқыт)

***

Түбі жат бала – ұл болмас: ішер, жер, киер де кетер, бірақ «көрдім» демес. (Қорқыт)

***

Атасы ащы алмас жесе, ұлының тісін қамар,

Атасы мен анасы ащы алмас жесе, ұлы мен қызының тісін қамар. (М.Қашқари)

***

Иықтағы жауыр ұлға қалады,

Жауырындағы жауыр ұлға қалады. (М.Қашқари)

***

Баққан ұлдан сәл тайса егер назарың –

Түбі соның тарттым дей бер азарын. (Ю.Баласағұни)

***

Тәрбиесіз бала білім ұғар ма? –

Олай болса уысыңнан шығарма. (Ю.Баласағұни)

***

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде. (Ю.Баласағұни)

***

Соңыра күн қалмау үшін табаға –

Жөнге салып, ие болғын балаға. (Ю.Баласағұни)

***

Ұл ұдайы ізетті боп тұрса егер –

Әке-шеше жүзі жайнап нұр себер. (Ю.Баласағұни)

***

Өссе жастан бассыз болып баласы,

Ол – әкенің ұлға берген бәлесі. (Ю.Баласағұни)

***

Ұл, қыздан да жаман мінез шығады,

Қырсыз қылық тек әкеден жұғады. (Ю.Баласағұни)

***

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,

Жақсы, жаман болса бала – солардан. (Ю.Баласағұни)

***

Қатаң ұста – бос жүрмесін сандалып,

Болса тәртіп – бала өседі сомдалып. (Ю.Баласағұни)

***

Бала нені білсе жастан, ұядан –

Өле өлгенше соны таныр қиядан. (Ю.Баласағұни)

***

Жас кезінде білім берсең қалай да –

Өсе келе қолы жетер талайға. (Ю.Баласағұни)

***

Балаларға өнер білім берілсін,

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін. (Ю.Баласағұни)

***

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан. (Ю.Баласағұни)

***

Туа біте сана болса өзінде –

Жайлап білім үйренер жас кезінде. (Ю.Баласағұни)

***

Өнер, білім, қылық жайлы ойланар,

Үйренер де ол әдетке айналар. (Ю.Баласағұни)

***

Міне, қара ақыл қуған баланы:

Жасы жетпей тебіренбес қаламы. (Ю.Баласағұни)

***

Қызыңды ерге бермей ұстама көп,

Өлерсің ауырмай-ақ күстана боп. (Ю.Баласағұни)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер