Өнер-білім - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:35
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өнер-білім

Жүзіне қарама, өнеріне қара. (М.Қашқари)

***

Көрсетпеген өнер зая кетеді. (С.Сарайи)

***

Біреуден күнә іздегенше, өнер ізде,

Баққа кірсең тікеп тергенше, гүл жина. (Құтып)

***

Қай істе де өнер – қолдан:

Өнерлі адам жеңер болған. (Ю.Баласағұни)

***

Өнерлінің қапасы көп,

Өнерсіздің өкініші жоқ. (А.Йүгінеки)

***

Өнерсізден құт қашар. (М.Қашқари)

***

Ісмер қайда жүрсе де ақша табады. (С.Сарайи)

***

Өнерлі адам өз елінен кетсе де табыс табады,

Патша елінен кетсе, азып-тозып өмірем қабады. (С.Сарайи)

***

Бойра тоқыған зергер болмас. (Құтып)

***

Жым болып тіл тұрмайды кесілмесе,

Білім – тұл, тілден шығып есілмесе. (Ю.Баласағұни)

***

Білмеген нәрсеңді сұрап алуды ар көрме:

Адам сұрап білмесе, ештеңе үйренбейді. (С.Сарайи)

***

Білім, ақыл бірге жүрсе – жарайды,

Бүкіл әлем бір-ақ қолға қарайды. (Ю.Баласағұни)

***

Бұ дүние – өнерліге өгей-ді,

Қамсыз адам өнері жоқ көбейді.

Өнер дәулет әкелмейді кісіге,

Сол-ақ қиын, сонда кімдер жебейді? (А.Йүгінеки)

***

Білмегенді «білем» деген – күпірлік,

Тілді білген мәнін де ұғар, шүкірлік. (Арыслан Қожа Тарханның айтқаны, «Ақиқат сыйы» кітабында)

***

Білім – адамның байлығы. (С.Сарайи)

***

Біле бер қанша білсең – тағы тіле:

Жетерсің мақсатыңа біле-біле. (Ю.Баласағұни)

***

Білім – теңіз, түбі де, шегі де жоқ. (Ю.Баласағұни)

***

Басыңды бұл білімің қорғап, ақтар,

Білмеген өз-өзінен қорғалақтар. (Ю.Баласағұни)

***

Қанша шебер жиналса, сонша түрлі өнер көрсетіледі. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)

***

Белгісі болса, жолдан жаңылмас,

Білімі болса, сөзден жаңылмас. (М.Қашқари)

***

Білімді қайда да болса іздейсің. (А.Йүгінеки)

***

Үйренер нәрсең – білім мен мейірімділік (Ю.Баласағұни)

***

Уақытылы білім алмасаң, іске қолың жетпейді. (Ю.Баласағұни)

***

Кешігіп келген білімнің пайдасы жоқ. (Құтып)

***

Жоқ-жітіктің сенер байлығы – білім ғана. (А.Йүгінеки)

***

Ізгі білім – сөнбейтін шырақ. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)

***

Есікте де, төрде де білімге құрмет көрсетер. (Ю.Баласағұни)

***

Даңқтың аты білімге байланысты. (Ю.Баласағұни)

***

Білім – ел ішінде. (М.Қашқари)

***

Бақыт жолы біліммен табылады. (А.Йүгінеки)

***

Жер үстінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. (Ю.Баласағұни)

***

Қызықтырар білім көздің құртындай,

Ой – орданың келіп қонған жұртындай. (Ю.Баласағұни)

***

Жасырсаң да жұпар исі аңқиды,

Сөз танытар біліміңді сан қилы. (Ю.Баласағұни)

***

Білім – байлық таусылмайтын, бітпейтін,

Ұры-қары, қу жоқ оны үптейтін. (Ю.Баласағұни)

***

Қандай адам білім алса тәуірлеп,

Сол ұшпаққа шығады екен дәуірлеп. (Ю.Баласағұни)

***

Жол-жобаны қалам түзейді:

Қылышпенен түзейді екен халықты,

Қаламменен түзейді жөн-қалыпты.

Білімділер – халыққа бас, ес еді,

Білімсіздер қылышпен іс шешеді. (Ю.Баласағұни)

***

Түйсікті бол, білімді де таңдай біл,

Жақсы атқарып, ісі тетігін аңдай біл.

Жарайтын мен жарамасты байқастыр,

Керексіз бен керек істі жайғастыр. (Ю.Баласағұни)

***

Хақты мақтап, білім жидым, қармадым,

Көңілімді жақсы жолға арнадым. (М.Қашқари)

***

Білім іздеп, даналарды таңдадым,

Өзім – жеке, бос кетті ақжал саңлағым. (М.Қашқари)

***

Білім – шипа:

Ақыл айтса – адам ойын ертетін

Ерлер, игі бектер өтті ерте тым.

Таудай білім насихаты – шипа ғой,

Жанды тербеп, көңіл-күйін шертетін. (М.Қашқари)

***

Білім – таусылмайтын байлық. (Ю.Баласағұни)

***

Барлық істің басшысы – білім мен ұғым. (Ю.Баласағұни)

***

Рухани күшпен көптен озасың. («Алтын шежіре»)

***

Кім білімді көп біліп, көңілде тұтса, оның дәулеті артады. (Қ.Жалаири)

***

Білім алып іс істемеген адам керіз қазып егін салмаған адамға ұқсайды немесе егін салып, оның дәнін жинап алмаған адамға ұқсайды. (Ә.Науаи)

***

Оқығанның көзі ашылады. (Ю.Баласағұни)

***

Құт белгісі – білік. (М.Қашқари)

***

Білім – ердің дәулеті. (С.Сарайи)

***

Бар боп тұрса бұрынғы әдет өрнегі –

Білімдіге тиер орын төрдегі. (Ю.Баласағұни)

***

Артық кетсе – түйсік түзер хал-жайды,

Ел бүлінсе – білім түзеп талдайды. (Ю.Баласағұни)

***

Білікті білім біліп, зерделі – ұғар,

Жүзеге осы екеуі алып шығар. (Ю.Баласағұни)

***

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,

Кісіден білім білген бәле қашар. (Ю.Баласағұни)

***

Білім өз иесін білдіріп тұрады. (С.Сарайи)

***

Білім – иесінің дәулеті: білімді қайда барса да алдына алтын тартылады. (С.Сарайи)

***

Әр адам білігімен белгілі болады. (А.Йүгінеки)

***

Білім малы жоққа – түгесілмес мал,

Қаржысы жоққа – таусылмас қаржы. (А.Йүгінеки)

***

Білген адам білімді өмір бойы іздейді. (А.Йүгінеки)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер