Өмір мен өлім - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:34
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Өмір мен өлім

Мың жасауға да болады,

Он сегіз жыл жасауға да болады. (Ю.Баласағұни)

***

Көркейгеннің аяғы – қор боп қалу. (А.Йүгінеки)

***

Адам мәңгі жасамас,

Көрге кірген кері қайтпас. (М.Қашқари)

***

Бұл дүние – момындардың зынданы. (М.Әлі)

***

Бұл тіршілік тек қана ішіп-жеу үшін берілмеген. (С.Сарайи)

***

Тіршілікке сенбе – желдей өтер. (Ю.Баласағұни)

***

Саусақтағы сақинаңды бір айналдырғанша дүние жүз айналады (өзгереді) (Рашид-әд-дин)

***

Үміт соңы – ажал. (А.Йүгінеки)

***

Жаның түгел шықса да, үлкен үмітті жоғалтпа. (Ю.Баласағұни)

***

О жалғаннан орлау жоқ. (Рашид-әд-дин)

***

Тек жүрмесін, көп ойласын тірі адам,

Өмір, өлім арасы – тек бір адым. (Ю.Баласағұни)

***

Қара шаштың ақтығы – бір өлімнің хақтығы. (Ю.Баласағұни)

***

Туған – өледі. (Құтып)

***

Өлімнен басқаның бәріне ем бар, өлімге ғана ем жоқ. (Ю.Баласағұни)

***

Тоқ та кетер дүниеден, аш та кетер. (Ю.Баласағұни)

***

Тіршілік тұтамдап таусылады. (Ю.Баласағұни)

***

Туған кісі өлу үшін туады. (Ю.Баласағұни)

***

Жаралмақ бар да, жоғалмақ бар. (Ю.Баласағұни)

***

Қадірлі өлген соң білінер. (Р.Хорезми)

***

Өмір қандай тәтті болса, өлім сондай ащы. (Құтып)

***

Туралап ажал келгенде, «жарлы, бай» деп қарамас. (Құтып)

***

Ажал анық болса да, мезгілі жетпей ер өлмес. (Ю.Баласағұни)

***

Өлмей тұрып өлімді ешкім білмейді. (Құтып)

***

Ажалдан аман қалатын адам жоқ. (Р.Хорезми)

***

Тумақ бар да, өлмек бар. (Көне ұйғыр жазу ескерткіші)

***

Ажалсыз ерге өлім жоқ. (Ю.Баласағұни)

***

Ажал жетпей өлмек жоқ. (Қорқыт)

***

Тағдыр – таза опасыз. (Р.Хорезми)

***

Уақыт – опасыз. (Р.Хорезми)

***

Дүние қалмас мәңгіге. (Р.Хорезми)

***

Дүние желдей бағасыз, Өмір күлдей бағасыз. (Р.Хорезми)

***

Өмір өтті, міне, күндіз-түн демей,

Келер өлім келіп қалды үндемей. (Ю.Баласағұни)

***

Туып едім жап-жалаңаш тырдай боп,

Кетіп барам барлығынан жұрдай боп. (Ю.Баласағұни)

***

«Іштен шыққан жерге кірер!» дейді жұрт,

Бұла өскенді жер астында жейді құрт. (Ю.Баласағұни)

***

Не тұрады мынау адам – есіл ер:

Атақ қуып, ақыр тілі кесілер. (Ю.Баласағұни)

***

Өлгендерден өсиет сөз қалады. (Ю.Баласағұни)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер