BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақтың ана, қыз-келіншектер туралы мақал-мәтелдері

Қазақ халқы ежелден әйел затын биік бағалап, аялап, қорғаған. Оң жақта отырған қызын да, түскен келінін де бағалап, сыйлай білген. Ан, қыз-келіншектер туралы мақал мәтелдердің не түрін кездестіруге болады.

Адал жар – асыл қазына.
Адал дос – сәулетің
Асыл жар – дәулетің.
Алтын тозбайды,
Адал жар азбайды.
Ана есімі ардақты,
Ана мінезі салмақты.
Аспан астында анадан ұлы жан жоқ.
Ана мейірі – аспаннан да шексіз.
Ана көрегендігінің теңдесі жоқ.
Атыңа ауыр жүк артпа,
Анаңа ауыр сөз айтпа.
Ана – көктемдегі таңға да көркемдік алып береді.
Ана – күн, оның шүлен шұғыласы ешқашан тусылмайды.
Ана көңілі ауырса, апат болады.
Ана қадірі – тірлік қадірі.
Ананың бір қолы бесікті,
бір қолы дүниені тербетеді.
Атасы өлген жөн жетім,
анасы өлген шын жетім.
Атасыз үй – батасыз,
анасыз үй – панасыз.
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман.
Атасыз ұл ақылға жарымас,
Анасыз қыз жасауғ жарымас.
Ақылды әйелді ханым де,
сөз ұғатын жігітті жаным де.
Ағашты желім қосады,
ағайынды келін қосады.
Ажарына ақылы сай болса әйел жолы жіңішке.
Анаңды меккеге үш қайта арқалап апарсаң да,
қарызынан құтыла алмайсың.
Ана сүті бой өсіреді,
ана тілі ой өсіреді.
Ана – дала, бала – гүл,
ананың анасы қара жер.
Анаңды қадірлесең, әйеліңді қадірле.
Айлас әйел мұңдас.
Әйелің жаман болса, жағаң кетер.
Анаң үшін аянба, ант ұрады .
Анаға баланың алалығы жоқ .
Ана – тастан берік, гүлден нәзік.
Ана жүрегі өмір тілегі.
Анаңнан асар аяулың жоқ.
Ақылды әйел – тірек,
сұлу әйел – жүрек.
Кербез әйел – есер,
Шәйпау әйел – кесел.
Ауылдан қыз кеткен соң, қызық кетер.
Ауылы алыс қыз алысар,
қыз алыспаса тұз алысар.
Айнаға қарағанша, айналаңа қара.
Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын.
Әйел – бақыт,
бала – байлық.
Әйелдің ләззаты – әлемнің рахаты.
Әйел жерден шыққан жоқ,
ол еркектің баласы.
Еркек көктен түскен жоқ,
әйел оның анасы.
Әулекі қатын асына қарамас,
әулекі таз басына қарамас.
Әйелдің күлгені алдағаны,
жылағаны арбағаны.
Әйел шәйпау болмай,
ер жалғыз қонбас.
Байдан бұзылған қатынның,
қабағы ашылмайды.
Байы өлген қатын келіншек,
кедей жігіт ерншек.
Ерге тимек оңай,
көйлегін тікпек қыиын.
Көп қатын алғанның қарызы көп,
көп байға тигеннің арызы көп.
Қыз қартайса құдағи.
Қызың көңілшек болса, басының соры.
ұлың көңілшек болса, атының соры.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер