Халық пен көпшілік - Мақал-мәтелдер|10 Ақпан 2017, 14:50
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Халық пен көпшілік

Қара халық қапы кетсе, басынан айрылар. (Ю.Баласағұни)

***

Елдің қарғысынан сақтан. (Құтып)

***

Халықтың хақы әкімде. (Ю.Баласағұни)

***

Ет қалар, әдет қалмас (өзгертіп кетпес). (М.Қашқари)

***

Жеп, ішуді біледі елдің байғұсы,

Қу тамақтан басқа жоқ қой қайғысы. (Ю.Баласағұни)

***

Қайғы, қамы бұ халықтың – қарны үшін,

Қарны тойса – қайтарады қармысын. (Ю.Баласағұни)

***

Тойдың сәні топпенен. (С.Сарайи)

***

О дүниеде бақыт тілесең, жұртты сыйла. (С.Сарайи)

***

Көп қорқытады,

Терең батырады. (Қорқыт)

***

Қара халықтың қарны тойса, тілінен ерік кетеді. (Ю.Баласағұни)

***

Халық бүлінсе, саясат оны түзейді. (Ю.Баласағұни)

***

Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады. (Ю.Баласағұни)

***

Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді. (Ю.Баласағұни)

***

Халық тарықса, үкімет жұтайды. (Ю.Баласағұни)

***

Көп халық ыдыраса, аз халыққа жем болады. («Алтын шежіре»)

***

Көп адам – күшті,

Көк иірім су – қауіпті. («Монғолдың құпия шежіресі»)

***

Қасап көп болса, қой арам өледі. (Ә.Науаи)

***

Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады,

Халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды. (С.Сарайи)

***

Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе, жұрт жемістің дәмін татпас еді. (Мажлисий)

***

Бағбан жүзімнің дәмін білмейді. (С.Сарайи)

***

Жабылып кетсе, құмырсқа да арыстан терісін сыдырып алады. (С.Сарайи)

***

Кең пейілді кісіде құлық болмайды:

Шаруадан әдеп, тәртіп сұрама –

Кең пейілді жанда қулық тұра ма!

***

Диқан болса – тамақ тоқ:

Бар диқандар – түгел пайда бұлардан,

Еліне олар ас-су, тамақ, болар нан.

Ашыққан ел, тойынған жан табылар –

Бәрі де осы диқандарға табынар. (Ю.Баласағұни)

***

Диқанның наны – адал:

Сен диқанмен қатынасып, аралас,

Сонда болар тәтті тағам, адал ас. (Ю.Баласағұни)

***

Құдай берген диқандардың қолы ашық,

Пейілі – кең, көңіліне жол ашық. (Ю.Баласағұни)

***

Жер-жүзінде тіріге сән диқандар,

Жүретінге – ас, ұшқанға – дән диқандар. (Ю.Баласағұни)

***

Бағынған елді баға біл:

Баққан елді бұйырма арзан үкімге,

Ас-суын бер, киімін де бүтінде.

Салмағың сал есепке алып күшін де,

Құдай сенен сұрар солар үшін де,

Бейнет беріп, қинама сен оларды,

Содан құдай саған дұшпан болар-ды.

Сен басынба: бәрі құлы алланың,

Өйтсең – өзің тозақ тілеп алғаның. (Ю.Баласағұни)

***

Үлкен кісі шақырса, ізетпен бар – санда бол,

Қуаңшылық жылында, халық қайда – сонда бол. (М.Қашқари)

***

Қарапайым – елдің мінез-құлығы,

Соған орай таным, ісі, қылығы. (Ю.Баласағұни)

***

Қалың елдің қарапайым жүрегі,

Соны білсең, сияпатың жүреді. (Ю.Баласағұни)

***

Халық заңды көп білмейді тереңдеп,

Жай еңбекпенен күн көреді әрең деп. (Ю.Баласағұни)

***

Жай халықсыз болмайды іс те, ештеме –

Жайлап сөйлес, жөнсіз билеп-төстеме. (Ю.Баласағұни)

***

Қара халық – қорғаншақ:

Қара халық қорғаншақтап қарайды,

Іс, амалы – бәрі соған орай-ды. (Ю.Баласағұни)

***

Заман емес, адам ренжітеді:

Айтшы, қане, ел сүйенер шырағын,

Сол еріңнің көрсет, қане, тұрағын.

Елді қойып, өкпелейсің заманға,

Заман емес, елден-жұрттан сұрағын. (А.Йүгінеки)


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер