Ұлытауда этномәдени бірлестіктер бас қосты - Асыл қазына|31 Мамыр 2016, 10:46
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлытауда этномәдени бірлестіктер бас қосты

Астана. 31 мамыр. Baq.kz - Қарағанды облысы, Жезқазған қаласында 31 мамыр - саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске арналған халықаралық форум өтті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Аталған форумға ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары М.Қалмұратов бастаған облысымыздағы бірқатар этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысуда.

ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ ұйымдастырып отырған форумға қатысушы делегаттар кеше қуғын-сүргін жылдарының тарихынан сыр шертетін сахналық қойылым мен арнайы дайындалған көрмені тамашалады.

Ал бүгін Елбасының ұсынысымен Ұлытауда бой көтерген мемлекеттік тұтастық пен Қазақстан халқы бірлігінің символы монументінің жанында жергілікті тұрғындармен кездесу өтті.

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Таңбалы тас» саябағында «Мәңгілік ел» патриоттық актісіне арналған «Еске алу» акциясы аясында көшеттер отырғызылды. «Тарихтан тағлым – өткенге тағзым» тақырыбында өтіп жатқан форум 31 мамыр күні қорытындыланбақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер