Шанышқылы Бердіқожа батырдың кесенесі қайта тұрғызылды - Асыл қазына|02 Маусым 2016, 14:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Шанышқылы Бердіқожа батырдың кесенесі қайта тұрғызылды

Астана. 2 маусым. Baq.kz – Бүгін Қарағанды қаласында қазақтың даңқты қолбасшыларының бірі, Абылай хан заманындағысенімді батырларының бірі болған Шанышқылы Бердіқожа батырдың күмбездікесенесінің ашылу салтанатына орай алқалы жиын өтті. Оған еліміздің зиялы қауымөкілдері мен ғалым, жазшылар және батыр ұрпақтары қатысты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Елбасы Жарлығымен жарияланған Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында қолғаалынған айтулы жиын Қарағанды облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өтті. Сондықтанда Қарағанды қаласында бастау алып, Қарқаралы ауданының Темірші ауылының іргесіндегі Батырлар алаңында бой көтерген Шанышқылы Бердіқожа батыр кесенесінің екі күнге созылған ресми ашылу салтанатына Нұрмұхамед Әбдібеков бастағанөңір басшысы мен атқамінер азаматтарының қатысқандығын ерекше ықыласпен атапөту керек.
Әйгілі Мәшһүр Жүсіп «Абылай заманындағы ең атақты, сенімді батырлардың біріболған» деп сипаттаған Бердіқожа – жоңғарларға қарсы Ұлы жүздің қолын бастағанбатырлардың бірі. Сондықтан да болса керек, Ұлы жүзде оны Төле биден кейінгіірі саяси қайраткер, даңқты қолбасшы, шебер мәмілегер ретінде де бағалаған.


Қаһарлы қолбасшы, жекпе-жекте жау түсірген жаужүрек батыр Бердіқожа әйгіліҚабанбай батырмен қанаттаса жүріп Ұлытау өңіріндегі Бұланты, Білеуті жәнеСарысу бойындағы Итішпес, Алакөл маңындағы Аңырақай шайқасында, Іле басындағыТалқы, Ебі, Алакөл, Алтайдағы Ұлансу, Мамырсу, Шар, Шорға шайқастарында Ұлы жүзжасақтарын басқарған. Оның ерлік істері жыр-дастандарға арқау болып, «Бердіқожабатыр» деген поэма бүгінге жеткен.
Жоңғарларға тойтарыс бергеннен кейін Бердіқожа ел билеген. Ресей және Қытайбасшыларымен мәмілеге жүрген. Оның есімі Қытай және Ресей жылнамаларында ерекшеқұрметпен аталады. Бердіқожа батыр қазақ пен қырғыз арасындағы қатынастардыреттеуге белсене араласқан. Оның ерлік істері «Қырғыз шежіресінде» айрықшаайтылады. Бүгінгі қазақ-қырғыз шекарасының сол кездері қалыптасуына Бердіқожабатыр үлкен үлес қосқан. Дегенмен, ауылы аралас, қойы қоралас бауырлас халықтыңдау қуып, жау болуы салдарынан даңқты батыр қартайса да қайратын көрсетіп, атүстінде ерлікпен қаза болады. Аласапыран заманда халқына қорған болған Бердіқожа батырды елі арулап жерлеп, ардақтап күмбез тұрғызады.

Қарқаралыжерінде, Көкшетау мен Дуана таулары арасында, Дағанделі өзенінің биік бірбелесінде сәулетті мазары бой көтереді. Бұл осы кезге дейін ел ауызындаайтылып, соңғы жылдары баспа беттерінде жазылып, жариялана бастаған жалпыламабағыттағы деректер. Ал енді біз бұдан былай Шанышқылы Бердіқожа батырдыңтікелей ұрпағы техника ғылымдарының докторы, академик, профессор БақтыбайҚасымбековтің жетекшілігімен 2000 жылдардан бергі қолға алынып, жүзегеасырылған жобалар мен оның нәтижелерін топтамалы материалдар ретінде жариялапотыруды жөн көрдік. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей өз заманында дәуірлеп,өкінішке қарай, Кеңес кезеңінде қайта жаңғыртылмаған, керісінше, ұмыт болабастаған батыр баһадүрлеріміздің бірі – Шанышқылы Бердіқожа батыр. Бұл батыржайлы ауыздан-ауызға жеткен аңыз, әңгімелер мен ертегі, жырлар көптепкездеседі. Ендігі жерде осындай рухани игілікке айналатын деректер менмағлұматтарды ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеп, дәйектейтін кез келді. Бүгінгітаңда мұндай іске білек сыбана кіріскен академик Бақтыбай Қасымбековтің тыңмәліметтерін алдағы оқырмандармен бөлісетін боламыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер