BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Шәкәрім» жайлы кітап қытай тіліне аударылды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың «Шәкәрім» атты танымдық-ғұмырбаяндық кітабы қытай тілінде жарық көрді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қытайлық оқырмандарға Қазақстан зерттеу орталығының ашылуы кезінде таныстырылған еңбек бұған дейін қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерінде басылған. Енді міне, Сиань университетінің тіл маманы Ли Сычанның аудармасымен аспан асты елінің оқырмандарына жол тартып отыр.

Автор еңбегінде Шәкәрім Құдайбердіұлын тарихи, азаматтық және ғылыми тұрғыдан қарастырып, публицистикалық, философиялық еңбектеріне жаңаша баға берген.

«Қытай оқырманы бұл кітаптан көп нәрсе олжалайды деп ойлаймын. Алдағы уақытта Шәкәрім поэзиясын жолма-жол қытай тіліне аударуға қол жеткізсек, тіпті жақсы болар еді», - дейді тарих ғылымының докторы Тұрсынхан Зекенұлы.

Ал өнертанушы А.Тайзенхаузен «Бұл кітап ақын, философ, педагог Шәкәрімнің бүкіл ғұмырын қамтиды. Мұнда ақынның өмірбаянынан бөлек, ұлт тарихы жатыр» деген пікірін білдірді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер