Астанада «Архипелаг КАРЛАГ» заманауи өнер көрмесі ашылды - Асыл қазына|30 Мамыр 2016, 19:22
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «Архипелаг КАРЛАГ» заманауи өнер көрмесі ашылды

Астана. 30 мамыр. Baq.kz – Ұлттық музейде ашылған көрме саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Көрмедегі өнер туындылары сталиндік репрессияға ұшыраған адам тағдырын мүлдем басқа қырынан тануға мүмкіндік беріп отыр. Мәселен, «Сылдырмақ» деп аталатын жұмыс лагерьлерде туып, қайтыс болған нәрестелерді көз алдына елестетеді.

Ағаштан жасалған үш метрлік бесік, ал оның ішінде «Мамочкино зираты» атты кітаптар үйіліп жатыр. Қарағанды облысының Долинка кентіне жақын тұрған аталған зиратта 2000 бала жатыр. Суретші Айнұр Саденованың тағы бір инсталяциясы – қара матадан тігілген 40 көйлек. Бұл туынды өз балаларынан айырылған 18 000 анаға арналып отыр. Бұдан бөлек, көрмеде Алмагүл Меңлібаева мен Сырлыбек Бекботаевтың өнер туындыларымен танысуға болады. Идея авторы әрі жоба жетекшісі – профессор Нұрлан Дулатбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер