Арқалықта Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті (ФОТО) - Асыл қазына|02 Маусым 2016, 16:25
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Арқалықта Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған шара өтті (ФОТО)

Фото: Ержан ЖАУБАЙ

Астана. 02 маусым. BAQ.kz – 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай Арқалық қаласында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар, қала орталығындағы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткіші алдында Саяси қуғын-cүргін құрбандарын еске алуға арналған «Мәңгілік мұң мен шер» атты шеруден басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

31 мамыр күні өткен шараға Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларынан арнайы келген ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, республикалық БАҚ өкілдері, Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов қатысты.

Жиында алдымен сөз алған тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі алаштанушы Мәмбет Қойгелді: «Қазақ халқының басына келген сонау зұлмат жылдарды біз ешқашан ұмытпаймыз. Осындай іс-шаралар арқылы келер ұрпақ жадына өткен күндер қасіретін өшпестей етіп жазып қалдыруымыз керек»,- деді.

Аталмыш шаралардың өтуіне ұйытқы болып, басы-қасында жүрген белгілі саясаттанушы, қоғам қайраткері Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, «Биылғы жыл Қазақ елі үшін атаулы мерекелерге толы. Мысалы, қатар келіп отырған Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 150 жылдық, 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдық және Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойлары қарсаңында ұлт тарихын одан әрі тереңдей зерттеп, халық санасында жаңғыртуға үлкен мүмкіндіктер туып отыр. Сондай игілікті бастаманың бірі ретінде бүгінгі Саяси қуғын-cүргін құрбандарына тағзым етуге арналған шеруді де ерекше атап өтуге болады».

Шара Ахмет Байтұрсынұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер