BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Археологтар ШҚО-ның көне ескерткіштерінің қазба жұмыстарын бастады

Астана. 30 мамыр. Baq.kz - Шығыс Қазақстанның 5 көне ескерткіштерінде еліміздің танымал ғалымдарының жетекшілігімен археологиялық қазба жұмыстары басталды. Қазіргі таңда тарихи жерлерді тонопланмен түсіріп, аэрофото түсірілім жасауда. Барлық жұмыстар археология саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының даму Жоспарының орындалу барысымен танысты, деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоспарға сәйкес археологиялық экспедициялар Катонқарағай ауданындағы Берел қорғанында, Зайсан ауданындағы Шілікті жазығында, Ұлан ауданындағы Аблайкит қамал-монастырі, Абайдағы Қырықүңгір және Тарбағатай ауданындағы Елеке сазы ескерткіштерінде жүргізіліп жатыр.

Осы жолғы қазба жұмыстарына 10 мемлекеттен 20 маманның тартылу оның ауқымдылығын көрсетеді. Атап айтсақ, зерттеу жұмыстарына Жапонияның палеогенетиктері, Ұлыбритания, Венгрия, Түкия мен Қытай профессорлары мен ғалымдары, Италия мен Бельгияның геоархеологтары, Ресей ғылым академиясының өкілдері қатысады.

– Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай археологияық даму жоспарын жүзеге асыруымыз өте орынды, – деді Даниал Ахметов. – ең бастысы біз өзіміздің ғалымдарымызбен ғана шектемей, әлем таныған археологтарды шақырып отырмыз. Барлық жерде солай болған. Мысырдағы атақты Хеопс пирамидасын ашқан кезде археология саласының барлық үздіктері жиналған болатын. Біздің Берел, шілікті қорғандарымыз, Аблайкит камал-монастырі әлемдік ғалымдардың назарына тиісті.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Зейнолла Самашевтың айтуынша, зерттеу жұмыстары жоғары деңгейге көтерілді, ал шетелдік мамандардың тартылуы екі жаққа да қолайлы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер