Ақмола облысында ат спорты түрлерінен жарыс өтті - Асыл қазына|26 Маусым 2016, 15:47
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында ат спорты түрлерінен жарыс өтті

Ақмола облысында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Шортанды ауданының күніне орай ұлттық ат спорты түрлері бойынша жарыс өтті - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараны ұйымдастырудағы мақсат - салауатты өмір салтын қалыптастырудың, халықты патриоттыққа тәрбиелеудің және шабандоздардың шеберліктерін арттырудың маңызды құралы ретінде ұлттық ат спорты түрлерін кеңінен насихаттау болып табылады.

Шортанды ауданының әкімі Гүлнұр Сәдуақасованың айтуынша, Шортанды ипподромында ат спорты мерекесін ұйымдастыру дәстүрге айналған, ал оған қатысушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. Бұл жолы өз өнерлерін көрсетуге Астана қаласының, Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарының 60-қа жуық шабандозы ниет білдірді.

Шортандылықтар мен ауыл қонақтары көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге алу сынды ұлттық ойын түрлерін, 7 шақырымға жіберілген бәйгені, тоқ бәйге және аламан бәйгелерін тамашалады. Ат құлағында ойнайтын қыз-жігіттеріміз сәйгүліктерінің үстінде күрделі жаттығуларды орындаса, Астана қаласы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жас шабандоздары әртүрлі биіктіктегі кедергілерді еңсеру шеберліктерін көрсетті.

Іс-шара жеңімпаздары мен қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Руслан Ғаббасов


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер