Павлодар облысында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 1677 студент білім алуда - Арнайы жобалар|14 Қазан 2018, 13:14
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодар облысында «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 1677 студент білім алуда

Фото: pavlodarnews.kz

Астана, BAQ.KZ. Жастар бастамаларын дамыту орталығында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік «Серпін-2050» бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттермен кездесу өтті. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Мейрам Бегентаев пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Пікіралмасу алаңында жастарды жұмысқа орналастыру, жұмыспен қамту, мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау түрлері туралы сөз қозғалды. Облыстық білім беру басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алма Айтуарованың айтуынша, бүгінгі таңда өңірде аталмыш бағдарлама бойынша 1677 студент білім алады.

Биыл оқуын аяқтайтын 539 жастың 413-і жоғары оқу орындарының, 126-сы колледждердің студенттері. Педагогикалық мамандық бойынша 146 адам, техникалық бағытта 393 адам жас маман қатарына қосылады. Олардың барлығы оқу орны жанындағы жатақханада тұрады. Студенттерді даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие техник-электрик, техник-бағдарламалаушы, мал дәрігері сияқты мамандықтар бойынша жүзеге асырылады.

«Былтырғы жылы серпкіндіктердің алғашқы легі қолдарына дипломдарын алды. Оның ішінде 67 адамның 14-і облыста қалды. Биыл оқу орнын аяқтаған 174 студенттің 86-сы жұмысқа орналасты, 35-і жоғары оқу орындарда білімін жалғастырды. 36 адам түрлі себептермен өз өңірлеріне қайтып оралды», - дейді Алма Айтуарова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер