«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл қанша үй тапсырылады? - Арнайы жобалар|04 Ақпан 2017, 13:56
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биыл қанша үй тапсырылады?

«Нұрлы жер» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша биылғы жылы 100 мыңға жуық тұрғын үй тапсырылмақ. Бұл туралы Үкiметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеңiс Қасымбек айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Нұрлы жер» бағдарламасы жақында қабылданды. Қазiр бiрқатар заң аясындағы актiлер, бұйрықтар қабылданып жатыр. Бiрақ, бiрнеше бағыт бойынша жұмыс жасай беремiз. Бiрiншi - пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау арқылы ипотекаға қолдау көрсету. Яғни, осы бағдарламаның көмегiмен биылғы жылы 8 мыға жуық үй алуға ипотекалық борыш берiледi. Екiншi бағыт - құрылыс кәсiпорындары кредитiнiң пайыздық мөлшерлемесiн субсидиялау арқылы қолдау көрсету. Екiншi деңгейлi банктер арқылы құрылыс кәсiпорындарын үй салуға ынталандырғымыз келедi», - дедi Ж.Қасымбек.

Жалпы, оның айтуынша, биылғы жылы 100 мыңға жуық тұрғын үй тапсыру жоспарланған.

«10 миллион шаршы метрден астам баспана пайдалануға берiледi. 600 мың шаршы метрден астам үйге құрылыс кәсiпорындарының несиесi және азаматтардың 8 мың ипотекалық борышы субсидияланады», - дедi министр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер