BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

"Жоғалмасын сыйластық"

Сынамасын ағайын шеттен мені,

Қаламмен дос болмадым көптен бері.

Қиын екен пиары өлеңіңнің

Ұялы телефонмен шектелгені.

.

Интернетті көрмейтін күндер өтті,

Өлеңсіз-ақ өлмейтін түндер өтті.

Жазып жүрген жырлары ақыныңның

Ұрланған телефонмен бірге кетті.

.

Телефонсыз ақынның хәлі мұңды,

Оқырмансыз жаға алман жарығымды.

Байланысу құралын жоғалтсам да

Жоғалтпадым сыйластық танымымды.

Біздер үшін адамның ары құнды!

.

Жәнібек Салқынбек


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
19 Желтоқсан 2018, 19:01
"Костюм шалбар"
11 Желтоқсан 2018, 17:36
"Шүкірлік етем бәріне"
06 Желтоқсан 2018, 19:20
"Бір қыз бар"
Пікірлер