BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жанайдар Садуақасовтың туғанына 120 жыл

Фото: Нұржас Жақсыбай

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда Жанайдар Садуақасов тұрған үйдің қабырғасына ескеткіш тақта орнатылады. Бұл туралы Жанайдар Садуақасовтың 120 жылдығына арналған дөңгелек үстел барысында Жанайдар Садуақасовтың немересі, тарихшы Перизат Садуақас айтты.

Садуақасов өзінің қысқа ғұмырында көптеген лауазымды қызметтер атқара жүріп халқына адал қызмет еткен тұлға.

Заманында С. Сейфуллин, А.Асылбеков, Д.Әділов сынды азаматтармен ниеттес болып, қазақ халқының бостандығы мен тендігі жолында жан аямай күрес жүргізеді. 1919 жылы Омбы большевиктерінің басшылығы мен жұмыс істеген, «Қазақ жастарының демократиялық кеңесі» астыртын ұйымын басқарған.

"Колчак бұғауында жатқан С.Сейфуллин, А.Асьшбеков, Ж .Нұркин, Б.Серікбаевтарды құтқару жолын іздеп, оларды хат - хабар арқылы рухтандырып отырады. Ақыры С.Сейфуллинге түрмеден қашуға жәрдемдесіп,оған жалған құжат жасап береді. Бұл он сезіз жастағы жас жігіт үшін үлкен ерлік еді. Екінші тағы бір ерлігі, өзіне де қуғынның қамыты ілініп, басы дауға қалған кезеңде бұғып қалмай Ұзақбай Құлымбетовті ашық қолдап, ақтауға тырысқаны",- дейді Перизат Садуақас.

Тарихшының пікірінше Жанайдар Садуақас сол заманның өзінде қазақ тілінде іс жүргізу жөнінде мəселе көтерген.

"1922 жылы қазақ тілінде іс жүргізуге енгізу туралы Орталық комиссия құрып, оған өзі төраға болған. Бұл мəселе бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Сол кездегі орыстандыру саясатына, өзінің сол салада жұмыс жасап жүргеніне қарамастан қазақ ұлтының тағдырына қатты алаңдаған, Туған жеріне мектеп салдырған",-дейді тарихшы, Перизат Садуақас.

Фото/Видео: Нұржас Жақсыбай


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер