BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңа күнім - жаңа бағым

- Көкжиектің төрінде алау жалын,
Құшағында оянды аппақ таңым.
Жарық күнді жалғаған қою түннен,
Нұр шуақты көреді қос жанарым!
Бұл менің жаңа күнім, жаңа бағым!..

- Көкжиектің төрінде алау жалын,
Сұлулыққа оранған дала балғын.
Бұлағымдай сыңғырлап күле білген,
Құстар үнін естиді қос құлағым!
Бұл менің жаңа күнім, жаңа бағым!..

- Көкжиектің төрінде алау жалын,
Төгіп жатыр тағы да шапағатын.
Жылуыңды бағым деп күте білген,
Саған құштар мендегі махаббатым!
Бұл менің жаңа күнім, жаңа бағым!..

- Көкжиектің төрінде асыл бағым,
Күлімдейтін көзіңе асығамын.
Сүйе білген өмірді сезім берген,
Сендегі бар күйіңе ғашық жаным!
Бұл менің жаңа күнім, жаңа бағым!..


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер