BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 377.62 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.03 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.67
Астана:

ҰЙҚЫДАҒЫ ҚҰБЫЖЫҚТАР

Ұйқыдағы құбыжықтар
Құрметті оқырман, бүгін сіздерге түсіндіретін тақырыбым, өзіме көп қойылатын сұрақтың бірі, СОННЫЙ ПАРАЛИЧ, қазақша айтқанда ұйқыдағы бастығырылу. Ғалымдардың пікірінше, осы өмірдегі адамдардың 90%-ы өмірінде бір рет болса да, ұйқыда бастығырылуды басынан өткізген. Ал бұл жағдайды адамдар, ерекше тылсым күшпен байланыстырады. Адамның кеудесіне бір адам (мыс: сүлбе, қара құбыжық, үсті басы жүн-жүн адам, албасты) отырып алып, тамағынан қылқындырады. Ал бұл адам сізді қашан босататынына келсек, тіліңді күшпен кәлимаға келтірсең немесе қолыңның саусағын және аяғыңның башпайын сәл қозғай алсаң ғана жібереді (бұл сол адамдардың басынан кешкен жағдайлары). Адамдар сол нәрсенің рас екеніне менің көзімді жеткізуге тырысады. Тіпті сен білмейсің деп ұрысып кетеді.
Бұл құбылысты ғылыми тұрғыдан түсіндіретін болсақ, адамды ешқандай да тылсым күш айналдырмайды. Көбіне адамдар жалғыз ұйықтағанда осындай жағдайлар болады. Себебі сіз жалғыз ұйықтар алдында елегзисіз. Осыған ұқсас жағдайларды қанша ойламайын десеңіз де, ойыңызға келе береді. Ал бұл информациялар сіздің миыңызда сақталады. Ал ми дегеніміз ол бастың ішіне жақсы орналасып алған біздің әміршіміз. Біздің барлық қимыл-қозғалысымыз, тамақ жеуіміз, жұмыс істеуіміз, жалпы алғанда біздің өмір сүруіміздің әміршісі, қожайыны Ми. Біздің барлық дене мүшеміз, санамыз бен ақыл-есіміз мидық қызметкерлері. Біз ұйықтағанда денеміз де мидың басшылығынан ажырап, ұйқыға кетеді. Кейде ми адам денесінен бұрын оянып, өз әмірін денеге жүргізейін десе, денеміз әлі ұйқыдан оянбаған және бұйрыққа бағынбайды. Сол сәтте ми, мына дене неге менің әміріме бағынбай жатыр, неге қозғалмайды деген қорқынышты ойларға ерік береді. Сол сәтте ойға бұрын құбыжық туралы естіп-біліп жүрген информациялар келеді, галлюцинация болады. Шоковый қалыптағы миға нешетүрлі жаман ойлар келіп, көз алдына елес көрінеді. Ми барынша денені оятуға тырысып, тілді немесе денені қозғауға бар күшін салады. ал тіл кәлимаға келсе немесе саусақ қозғалса бұл құбыжық сізді босатады, өйткені сіздің денеңіз оянып, мидың бұйрығын орындауға кіріседі. Сол үшін бұл жағдайдан ешқандай керемет сиқыр іздеуге болмайды. Мүмкін кейбір оқырмандар келіспеуі мүмкін. Өйткені олардың ойынша, олар өз көздерімен сол құбыжықты көрген (жеке пікірі бойынша).

Егер менімен келіспесеңіз, келесі жолы осындай жағдайға өзіңіз талдау жасап көріңіз. Тағы бір ескертетін мәселе, кім бұл мистикаға көбірек сенеді, бұл жағдай сол адамдарда жиі қайталанады. Кім мистикаға сенбейді, оларда бұл жағдай мүлдем болмайды. Мидың қызметінің құпиясы өте көп, миды толық зерттеуге қазіргі ғылымның күші әлі жете қойған жоқ. Егер алып-қосар пікірлеріңіз болса, тек қуана қабылдаймын. Құрметпен Балабек!
Ескерту: Сізді мазалап жүрген ойлар болса, жазып қалдырыңыз. Жауап беруге тырысамын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер