BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Сапары сәтсіз ақталды

Қазақстан-Ресей шекарасындағы "Обаған-авто" нүктесінде 53 жастағы қазақстандық есірткілік затпен ұсталды. 1 келі 120 грамм марихуана және 150 грамм гашиш тіміскі қызмет иттерінің көмегімен тәркіленді. Тұтылған азамат нашақорлық заттарды Лисаковтан Тюменьге бағыт тартқан автобус арқылы алып өтпек болған. Есірткілер жекелей тексеру кезінде оның күпәйкісінің қалтасынан табылды.

www.kostanaytany.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер