BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. ҚЫЗДАРДЫҢ "ҚЫЛЫҒЫ"

<іреуінің сирағынан ұстай алып, кері тартып едім, теуіп жіберіп, тұмсығым тыз ете қалды, екіншіі бір қыз арқама жабысып алып, шашымды темір тарағымен тарады. Қой десем қоймайды, не түспейді, қолына «Кококола» ұстатсам, ішпейді..



Бір күні көшеде келе жатсам, ішімдікке масайрап алған бір топ қыз, құрбысын құрбақадай көріп, тепкілеп жатыр екен. Қыздардың мына қылығына шыдай алмадым, ажыратайын деп, біреуінің сирағынан ұстай алып, кері тартып едім, теуіп жіберіп, тұмсығым тыз ете қалды, екіншіі бір қыз арқама жабысып алып, шашымды темір тарағымен тарады. Қой десем қоймайды, не түспейді, қолына «Кококола» ұстатсам, ішпейді... Сосын, сол қызды арқалаған күйі үйге келсем, әйелім: «Мынауың кім?» деп сұрайды. Мен айттым: «Танымаймын?» дедім. Ол айтты: «Онда неге арқалап алғансың?» Мен айттым: «Қазақ қыздарының кезекті қылығы!» –деп. Арқамдағы ішіп алған қызға: «Келесі аялдама, төсек, ол жақты қып–қызыл өсек!» деп қайқаң –қайқаң етсем де, түспейді. Ауру шығар деп сүт берсем ішпейді. Желімдей жабысып алған. Менің бұрыннан киіп жүрген мәйкім сияқты. Әйелімнің алдында «просто не удобны» болды. Оған түсіндіріп едім, «Енді арқалап келетін болғансың ба?» деп сыпырғысымен ұрып, үйден қуып шықты. Түнделетіп, түнеріп келе жатырмын. Сүмелек қыз арқамнан сырғанап бара жатса, итіңдеп, жоғары шығып алады, аяқтарын алдыма аяқастырып алған, қолдарымен мойнымды қылғындырғанда, ауа жетпей, көмір шахтасында жүргендей, біреу ту сыртымнан сықылықтап күлгендей, немесе артымнан күшік шәуілдеп үргендей күй кешемін. Сосын жыным келіп, жерге, қар үстіне жата кеттім де, ары аунадым, бері аунадым, мас қыз домалап кеткенде, атып тұрып: «Келе жатқан Жаңа жылыңмен!» дедім құттықтап. Қаша жөнелдім! Беу қыздар–ай, қылықтарың қырықтан да асып барады–ау!
Үсті басымды қағып, күл–қоқыс тастайтын жәшіктердің жанынан өтіп бара жатқанмын. Біреу: «Ағатай, бері келіңізші?» деді. Жап–жас қыз темекі шегіп тұр екен. Қолында алабажақ сөмке. «Мына сөмкені қоқысқа лақтыра салыңызшы! Ішінде екі килодай ет бар еді...» дейді... Таң қалдым. Адам адам болғалы, етті қоқысқа тастайды ма екен? Әлде, сасытып алды ма? «Өзің неге тастмайсың?» деп сұрасам, «ұялып тұрмын» деп қояды. Ойбай, еттен ұялатын қандай қыз?» деп ойлап, сөмкесін қолынан жұлып алып едім: «Рахмет, аға!» деген қыз қырық бірінші қылығымен жымиып, қаша жөнелді. Сөмкені ашып қалып едім, құндақтаулы шақалақ! Нәресте! Жүрегім «буксевайт» етіп қала жаздады. Енді қайттім? Қоқысқа тастай салғысы келген көкек ананы сыбап алдым да, «татабайын көрейінші?» деп түн ішінде бұтын ашып қарасам, қыз нәресте екен. Жүрегім елжіреп кетті. Көзімнен жас домалап, жерге мұз болып түсті. Күн аяз болатын. Нәрестеге жаным ашып, бүрсеңдеп, үйге қарай жүгірдім. Жүгіріп келіп, есіктің қоңырауын бастым. Әйелім қолымдағы нәрестені көріп, талып қалды. Бетіне айран жағып, есін жиғызып алдым. Өйткені, өзі айтатын, егер талып қалатын жағдайым болса, бетіме айран жақ, әрі маска болады деген. Содан әйелім: – «Бұл кім?» – деп сұрады. «Шақалақ...» деп міңгірледім. «Міне саған шапалақ!» –деген көкбет қатыным салеп–салеп қалды. Жағымды ұстап, жылай салғым келді. Әйелім болса, аузына келгенін құсып жатыр, құсып жатыр, небір сатпақ сөздері ұшып жатыр, ұшып жатыр... «Жаңағы алқаш қыздан ба балаң?» деді де, есікті ашып, тізесімен құйрығыма бір тепкенде, қайқаң ете қалап, көшеге атып шықтым. Түн ішінде зыр жүгіріп, аурухананың жылы дәлізіне кірсем, ешкім жоқ екен, Құдай өзі кешірісін, нәрестені жәймен жерге қойып, аяғымның ұшымен басып, шығып кеттім. Жүрегім жылап келе жатыр. Қазақ қыздарына қайран қалып келемін. Тойларда тойып секіреді, жалаңаштанып өлгенше кекіреді, әлеуметтік желілерді ашып қалсаң, жалаңаш қыздардың арасында, «женский» моншада жүргендей әсерде болады екенсің... Басым қатты. Бір кафеге кіріп, тамақ ішіп алғым келген. Іші тола жастар екен. Билеп жатыр. Шеткі столға отырып, даяшының келуін күткенмін. Бір кезде біреу артқы жағымнан: «Ағаай, бері қараңызшы?» деп сызылды. Жалт қарап едім, басына сәукеле киіп, шолпысы сылдырлаған қыз күлімсіреп тұр! Көздерім жыпылықтап кетті, өйткені, қыздың кеудесі жалаңаш болатын. Екі қолымен томпиған төсін ұстап, кірпіктерін қағып–қағып жіберіп, бұралаңдағанда, орнымнан атып тұрдым. «Ағай, инстаграмда жалаңаш жүрген қызбын ғой» дейді. Бетіне былш–былш түкіріп, кафеден қашып шықтым. Үйім жақын болатын, безектеп келіп, қоңырауды басайын, Бір кезде біреу иығымнан түртеді. Қарасам, жаңағы беліне дейін жалаңаштанған қыз. «Бетіме түкіргеніңіз үшін сотқа беремін!» –деді де, арқама ырғып мініп алды. Немене пәле, қыздардың қылығы осындай болып кеткен бе? Дәл сол кезде әйелімнің есікті еңіретіп аша қалғаны бар ма? «Мынау кім?» –деп сұрады сұрланып. «Танымаймын..» дедім мен. «Танымасаң, танысып кел!» деген ол тәпішкесімен басыма бір қойып, есікті тарс еткізе жауып алды. Қудайым–ай, енді не істеймін, а? Қайтадан кафеге келдім, «за күйік» ішіп алайын деп. Орындыққа отырайын десем, отыра алмаймын, отырайын десем, отыра алмаймын. Сөйтсем, арқама жабысқан жалаңаш қызды ұмытып кетіппін! Сасқанымнан:» Жаңа жылыңызбен!» деппін ғой. Жаңа жылдарыңызбен!

ҰнатамынҰнатқандарды көрсетуПікірлер


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер