BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. «ГУЛЯНКА»

«Дияс плюс Айкона! Тең болады махаббат!» деп хормен дауыстады да, артынша: «Ура, ура, ура махаббат!» дегенде, құс болып ұшып кете жаздадым.

Менің бір танысым: «Баяғыда біздің ата–бабаларымыз үйлену алдындағы жастар¬дың «озық дәстүрі» «Гулянканы» білмеген де ғой? Олар тоғайдағы томар үстінде отырып алып, кешке дейін сырласқан, сыбырласқан, сыңғырлас-қан... Қазіргі қыдырстан қадір де, қасиет те қалмады ғой? Не бір иномаркалар-мен тізбектеліп, тіпті, аспанға автоматпен атып, тікұшақ жалдап жатады. Бәрі мақтангершілік. Байдың балалары сөйтеді енді.» дейді. Дей берсін.
Мен де миллиардердің баласымын. Мен кімнен кеммін? Керек десеңіз, Құдаймен теңмін! Дәл тойым өтер күні әкеме айтып, «Махаббат парадын» ұйымдастырғыздым. Міне, нағыз «Гулянка»! Қаланың орталық алаңында танктер тізбегі өтіп жатты. Біз мінбердеміз, әкем, мамам, құда–құдағилар қол бұлғап тұр. Бір кезде сарбаздар сап түзеп бара жатып: «Дияс плюс Айкона! Тең болады махаббат!» деп хормен дауыстады да, артынша: «Ура, ура, ура махаббат!» дегенде, құс болып ұшып кете жаздадым. Қалыңдығыма қарасам, күлімсіреп, бақыттан басы айналып тұр екен, ерніне жабысып, жарты сағат сүйісіп тұрдық. Мамасы келіп: «Күйеубала, қызымның ерні көгеріп кетеді ғой!» демегенде, сүйісіп тұра берер ме едік?
Төменге, алаңға қарадық. Студенттер парады! «Жасасын, Қазақстан махаббаты! Жойылсын, инвестор қыздар махаббаты!» «Қыздарымыз қазақ жігіттеріне тисін! Ура, ура, ура!» деп барлығы дауыстап барады. Қалыңдығым-ды тағы да құшақтап, сүйіп алайын десем... Айконам шешініп тастапты! Қос алмасын қолымен ұстап, балқеееп тұр. Дереу киіндіріп, аспанға қарасам, ракеталар тізбегі көрінді. Олар «Диас плюс Айкона» болып жазыла қалды көк жүзінде. Қандай керемет! Бір қарасам, миллиардер әкемді сыйлайтын министрлер мен әкімдер қатарласа сап түзеп барады екен! Не деген қарапайым еді, біздің министрлер мен әкімдер! Жол жиегіндегі халықта есеп жоқ. Бір кезде: «Қазақ ұрыларынан, сыбайластарынан жалынды сәлем!» деген жаңғы-рық¬¬қа селт ете қалдым, қарасам, қазақ ұры–қарылары, сыбайластары сап түзеп барады! Қол бұлғадық. Артынша, қазақ қашқындары парады шықты. Сапты Әблязов, Виктор Храпунов, Бергейлер бастап: «Тойларың құтты болсын, Отанға деген махаббаттарың мықты болсын! Ура, ура, ура!» десті. Бір кезде жұрт шулап кетті. Алаңда жалаңаш қыздар парады басталған еді... Жартылай жалаңай қыздар «Алқаштараға қияр керек, біздерге пияр керек! Ура, ура, ура!» деп айқай салысты. Кенет халық оларды бас салды, алаңда қырғын төбелес басталды. Әрине, осы жері сәл бұзық болды, обшым, біздің «гулянка» керемет қызық болды!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер