BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Мұхтар ШЕРІМ. БІЗ ДЕ ТӨБЕЛЕСКЕНБІЗ...

Біз де жас болғанбыз, жастық қызбалықпен төбелесенбіз де. Жетпісінші жылдары жігіттер тек жекпе жекке шығатын.

Бүгінде дәл жастар жылы мектеп оқушыларының жаппай төбелесі төбемізден басып, еңсемізді есікке қысып қойды. Түркістандағы оқиға, Ақтөбе облысы шалқар ауданындағы оқушы өлімі жастардың тым қатыгезденіп кенткенін айғақтайды.
Біз де жас болғанбыз, жастық қызбалықпен төбелесенбіз де. Жетпісінші жылдары жігіттер тек жекпе жекке шығатын. Жеңілгені де, жеңгені де бір–бірінен кешірім сұрап, достасып тарқайтын.Ал, қазіргінің шиебөрілері онлдай емес. Жалғызға, әлсізге жабыла кетеді. Жығылса болды бауырынан, басынан тепкілей бастайды. Сол, жығылып жатқанның орнына өзін қоя алар ма? Мектеп мұғалімдері кінәлі дейді. Мектеп директорларынан бастап, мұғалімдерініің бәрі әйелдер дейді. Ер мұғалімнің ызғары болмаған соң әйел мұғалімнің шаңқылы кімді сабасына түсірсін? Меніңше, мектеп мұғалімдерін, басшыларын жаппай ер кісілерден тағайындау керек. Ата-аналарына үш сқрақ қоямын: 1. Балаңыз немен айналысып жүр? Сұрайсыз ба?
2. Балаңызбен сырласасыз ба?
3.Балаңызға қаталсыз ба?
Дегенмен, сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер