BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Мемлекеттік мекеме мен халық арасында БАҚ арқылы байланыс орнату

Мемлекеттік мекеме жабық стратегиялық аймақ секілді болмауы керек, осы орайда биліктің жұмысы баспасөз қызметі арқылы халықпен байланыс орнатуы керек.

"Атырау-Ақпарат" медиа серіктестігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызмет саласындағы баспасөз қызметкерлеріне арналған «Баспасөз қызметі мен БАҚ арасындағы байланыстың тиімді әдістері» атты үш күндік семинар-тренинг басталды. Семинар 22-24 қаңтар аралығында өтеді.

Семинарға Атырау облысы бойынша ҚАЖ, облыстық ішкі істер, Әділет, сот, Қорғаныс істері жөніндегі департаменттер мен қалалық басқармалардың, Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығы» және 7 аудандық әкімдіктердің баспасөз қызметіне жауапты мамандар шеберлік сыныптары, біліктілік арттыру, тәжірибе алмасу курсынан өтеді.

Дәріс оқитын лекторлар тізімінде Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ұстазы, т.ғ.к., Гүлфайруз Қайырғалиева, Қазақстанның құрметті журналисі Регина Валишева, облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы Нәсіп Шалабаева, «Қазақстан» РТРК АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Бағдат Ізмағанбет, «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Атырау облыстық филиалының баспасөз қызметінің өкілі Қосұйым Мұқашев секілді білікті мамандар бар.


Аталған тәжірибелі мамандар «Жедел және шынайы ақпарат таратуда ескерілетін қағидалар», «Баспасөз қызметкерінің жауапкершілігі», «Мекеме жаңалықтарының теледидарда көрініс табуы және оны ұйымдастырудағы баспасөз қызметінің рөлі», «Баспасөз қызметкерінің кәсіби біліктілігін арттырудың жолдары», және т.б. тақырыптарда дәріс оқылып, тренингтер өткізетін болады.
Қысқа мерзімді оқу курсы тегін яғни ақысыз негізде ұйымдастырылып отыр.
Мемлекеттік мекемелердің баспасөз қызметіне немесе баспасөз хатшысы қызметіне арнайы штат қарастырылмаған. Жекелеген жағдайларда бұл қызметті жауапты мамандардың алып жүруі де уақытша болады делінді семинарда, себебі алдағы уақыттарда мемлекеттік мекемелерде арнайы баспасөз хатшысы қызметіне штат бөлуі жөнінде мәселе көтеріліп және ол да оңды шешімін табады деп күтілуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер