BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

LATYN-ға өтуге мен дайынмын, сен дайынсың, мемлекет дайынба?

Жалпы қазақ әліппесінде 30 дыбыс бар. Ал қазіргі әліппеде жүрген в, ё, ф, х, ц, ч, щ, э, ю, я, ъ, ь әріптері қазақ тіліне кеңестік кезеңде енгізілген.

LATYN-ға өтуге мен дайынмын, сен дайынсың, мемлекет дайынба?
Жүйесіз жеуге ұшыраған иесіздеу қазына дайын ба?.. Әдемі көтеріліп, қаулап өсіп келе жатқан елімізге қаншалықты тиімді? Әліппені реттемей тұрып әріптерді реттеп алсақ қайтеді?

Жалпы қазақ әліппесінде 30 дыбыс бар. Ал қазіргі әліппеде жүрген в, ё, ф, х, ц, ч, щ, э, ю, я, ъ, ь әріптері қазақ тіліне жат. Ф, х әріптері 1938 жылдан қолданысқа енсе, қалған 10 әріп 1940 жылы орыс графикасына көшкенде қабылданған. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерді орыстарша қолдану үшін алынды. Орыс тілінен енген я, ю, ё, щ, ц, э тәрізді әріптер қазақ әліпбиі үшін мүлдем басы артық таңбалар.

Мысалы менің атым Фархат. Ф, Х деген әріптер қазақ тілінде жоқ. Оны әліппеден алып тастап Арқат боп қалуға дайынмын. Ауылда кейбір үлкендер маған Барқат дейтін)
Қарындасымның аты Венера. В деген әріп қазақта жоқ, әліппеден В-ны алып тастайық, Енераның ағасы болсам да әліппе тазарып қалады) (Марқұм атам Мыныра немесе Шолпан дейтін).
Ал інімнің аты Бахтияр. Я деген әріп жоқ қазақта. Бақтир. Анығы Бақтыжар.

Тәуекел, көндік. Әліппемізге рұқсатсыз кіріп кеткен бөтен қойлардын құтылайықшы, ағайын!

Пікірлеріңізді жазыңыздар.

Барқат Маратұлы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
07 Желтоқсан 2017, 19:13
Қазақтың саны қанша 2
Пікірлер