Күрең түсті өлді тағы бір күнім,
басталған еді алауланған ақ таңнан.
Ал мен болсам ессіз нағыз жындымын,
өткен күнге шаттанған.
Пешенеме сызылған жол қысқарды,
Тағдырымының кетті бөлшек ғұмыры.
Тек есімде бұлыңғыр бір түс қалды,
өткен күннің жұғыны.
Қуанамыз, шаттанымыз өткен деп,
күйбен тірлік,
қиылды деп күндейміз.
Өлшеулі өмір бағаланбай әттең, тек,
аз қалғанын білмейміз!

