BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Көрермендер Тұңғышбай Жаманқұловты көміп тастады...

Алматыда 4-ақпан күні "Қызық кәнсерт" (мАСҚАРа кәнсерт) атты Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, режиссер, сатирик Асқар Наймантаевтың думанды кеші дүбірлеп өтті!

Әдетте Республика көлемінде өзі ғана, жеке дара өнер көрсетіп, Ресейдің Аркадий Райкин, Генадий Хазановтары сияқты "Бір актерлық театр" приципімен жұмыс істеп жүрген Асқар Наймантаев бұл жолы "Қызық кәнсертке" өзінің ұстазы, Қазақстанның халық артисі Тұңғышбай Жаманқұловты, құрдасы әрі досы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бекжан Тұрыс, және танымал тарландар, Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, Қадырғали Көбентай, Амангелді Сәндібай, Ершат Қайырхан, пантомима өнерінің шебері Ернар Бейсенбек, өзінің шәкірттері Ринат Уәлиев, Маржан Әубәкірова, Назерке, Диас Оралбаектерді шақырған. Кештің мазмұны да, мағынасы да өте жоғары деңгейде өтті. Көрермен залы лық толып, шынайы әзіл өнерінің шеберін тамашалауға, кәсіби сахнагерлердің сатирасын саралауға келген көрермен қауым кештің қалай біткенін сезбей де қалды. Құр сөзбен қытықтап, көр-жерді күлкіге айналдырып жүрген әзілкештерден мезі болған көрермен, кәсіби актерлардың астарлы әзіл, тартымды образдарын көріп, сарказм, сатира, қазақы қалжың естіп риза болып қайтты. Тіпті сахнада сөйлемей-ақ ыммен күлдіретін мимдер де көңілден шықты. Кеш бойы күлген де. күрсінген де тақырыптар мол болды. Кештің басты қонағы - Тұңғышбай Жаманқұлов сахнаға шыққанда көрермен ұзақ уақыт қол соғып, сағынышын, қуанышын жасырмай, актердың әрбір сөзіне, оқыған сатиралық өлеңіне, әніне дүбірлете қол соғып, "Браво!", "Жарайсыз!", "Беу!" - деп, дауыс шығара айғайлап отырды. Тұңғышбай Жаманқұлов көрерменімен, көрермені сүйікті актерымен сағына қауышып, мауқын басты. Өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасына Асқар Наймантаев: "Көрермен Тұңғышбай Жаманқұловты көміп тастады...ду қол шапалақпен!" - деп, әзілмен әспеттеп жазыпты.

"Қызық кәнсерт" бүгінгі таңда көпшіліктің аузында жаттала бастады. Осы кеш жайлы Фейсбук беттеріндегі біраз пікірді осында беруді жөн санап отырмыз, оқыңыздар:

Бейбіт Сарыбай Кәнсерт мАСҚАРа болды. Кәсіби биіктік. Өте жоғары деңгей. Тек өте асығыс болғасын, кәнсерттің соңында, өнер адамынан соң асығыс тұруыма тура келді. Балалар тоңып қалатын болды. Екі минут ерте кеткенім үшін кешірім сұраймын. Көп раxмет, аға.

Ердаулет Онласынов Концерт өте тамаша болды жартысында күлсем жартысында көзге жас келді.
Асқар аға бəрінің басын қосып елді бір дүрліктірдіңіз. Сахнаға Тұңғышбай аға шыққанда ел ду қол шаралақтап сахнадан жібергісі келмеді.Əпитөкке күліп -күліп түнгі уйқыда қащып кетті.Театрыңыз өркендей берсін.

Талғат Жаманқұл Кеше бір қызық концерт болды шыныменде Асеке сізге көп көп рахмет халық сағынып қалыпты. Ұзтазыңыз құрдасыныз достарыныз шəкіртерініз бəрі бəрі керемет болды.

Мейірхат Мәдениет Үйдегілер барып, (өзім сыртта жүрмін) кешелі бері уатсаппен сурет, видео салып, әлі айтып тауыса алмай жатыр! Тұңғышбай ағаның шыққанын ерекеше атап айтып жатыр! Аға, Сіздің "Ұстаз" деген кішілігіңіз кісілігіңізде аспандатты! Сіздей болуға тырысу керек біздерге! Ұсақ-түйекті сөз етіп жатқан постарды да оқып жатырмын. Оқиғаны бағаламай, қадіріне жетпей әр нәрсені әңгімелеп кетіпті. "Нарынқол әні" ма, керемет ән болды дейді. Соны жіберіп беріңізші, елеңдетіп қойды жұрт. ))) Аман болыңыз!

Meirambek Tleuzhanov Қызық кәнсерт Алматыда керемет өтті. Ұйымдаструшы болған соң көрермен залдан шығып болғанша есік аузында тұрамын. Өзімнен билет алғандардың көбі жаныма келіп, жақсы пікірлерің білдіріп кетеді. Кеше де солай болды. Реніш білдірген бірі жоқ, алғысын жаудырып, батасын беріп жатты. Асекеңнің абыройын бір асқақтаттық. Тұңғышбай ағамыз халқымен сағына қауышты!

Райгул Сабитова Ия,оте тартымды кеш болды. Кунделикти куйки тирликтен арылып бир уакыт сергип кайттык. Жанымыз жадырап,кулкиге де карык болдык. Казак мадениетинде улкен тулга болган Тунгышбай агамыздын да онердеги орнынын болектигин билемиз... Омир озен,агып оте шыгар бир куни. Ешким мангилик емес,тынысымыз барда бир-биримиздин кадиримизди билгенимиз дурыс кой... Ар кунимиз куаныштан куралсын!!! Аскар ага,мереиниз устем болсын! Мадениет ошагы оркендей берсин! Елимиз аман, заманымыз тыныш болып,бакытты омирди келешек урпакка аманаттауды жазсын баримизге! Казактын ар шанырагында береке болсын!!!

Мухамбедия Ахмет-Төре Бұл – Жеңіс ! Құтты болсын!

Кенжебек Шаикаков Жаның сəулеленіп, көңілің кірден тазарып қайтқанға не жетсін, шіркін ?! Мен сөйттім. Ұлы ұстазыма , мəртебелі көрерменнің ыстық қошеметін көріп тіпті қуандым. Сахнаның киесімен , залдың мəртебесі астасып кеткендей болды. Баладай нəзік өнерпаз, таудай тұлғаның да жаны елжірегенін көріп көңіл толқыды.Мұның бəрі Тау баласының ғана қолынан келер еді! Асқақтай беріңіз , Асқар ағатай!

Сыған Сері "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТТЕ" Наймантаев бір серпілді! Жұртты бір сергітті. Аман бол, алдымен, Наймантаев! Міне, ФБ бетінде қаншама адам осы "Қызық кәнсертің" жайлы керемет пікір жазып, ойын бөлісіп жатыр. Демек, Сенің сол күнгі еңбегің зая кеткен жоқ. Ойтүрткі болдың. Осының өзі артистің үлкен жеңісі! Кәнсерттен кейінгі әсермен біздің шаңырақ та ұйықтай алмадық. Ертесі қызметтестер де "Біз басқа нәрсеге күліп жүр екеміз ау" - деп, біршама көзі ашылғандық таныттық. )))
Іштен тынып, әліптің артын бағып отырғандар тына берсін. Сол күнгі көрермен түгел өнерден мақұрым емес! Күлдіргеніңді де, күңіренткеніңді де бағалады, бағасын берді. Соңында орнымыздан тік тұрдық. Тұрғыздың! Тұңғышбай АҒА елін, елі Тұңғшбай актерды сағынған екен, мауқын бастың! Мухамбедия Ахмет-Төре ағамыз "Бұл - жеңіс!" - деп коментарий жазыпты. Рас сөз! ЖАСА !
"Тамаша", "Терісқақпай" сияқты "Қызық кәнсерт" деген сөздің өзі жаңа бренд болды. Елдің аузында жүр. Тудырдың!

Almat Isa'dil Асқар Наймантаев ағамыздың "Қызық концерті" шынымен қызық болды. Уытты әзіл, сұрапыл сарказм, салмақты сөз, адемі әндер - "мАСҚАРа концерттің" мазмұнын ашты. Тыңдап отырып - ойландық, көріп отырып - толғандық. Асекең күлдіре отырып ұялтты. Асқақтай беріңіз!!!
Serik Zhanbolat ЫМДЫ БІЛМЕГЕН ДЫМДЫ БІЛЕ МЕ?
"Қызық кəнсертте" Асқардың ізденісіне, жаңашылдығына тəнті болдым. Ол елді үнсіз күлдіретін МИМді сахнаға алып шықты. Бұл өзі қазақ эстрадасында кенже қалған жанр ғой. МИМнің қазақи образын іздеп жүрген жанды білмейміз. Оларды сахнаға жиі шығарып тұрмасаң тың дүние қайдан туа қойсын! Асқа Наймантаев соған түрен салуды ойлап жүрген тəрізді. МИМ театрын құрмаған күннің өзінде жастарды сахнаға жетектеп шыққаны - үлкен қолдау. Кеше осы ойымды əнші бауырым Еркін Шүкіманға айтып отырсам: "Миміңіз қазақша ым ғой" дегені. Ымды білмеген дымды білмейді дей ме қазақ. МИМнің тамыры ымда жатқан жоқ па шынымен-ақ деп ойлап отырғаным енді. Онда біз неге МИМді қатырмай жүрміз, ə?
Эльмира Идрисова Жаңа еңбек аптаның арпалысымен жексенбі күні өткен керемет маңызды оқиға туралы ФБ-ға жазып үлгермедім. Біздің асыл досымыз Асқар Наймантаев тың творчестволық кеші - мАСҚАРа ҚЫЗЫҚ КƏНСЕРТ болды. Осы күнді іштей армандап жүруші едім, Аллаға шүкір...жеттік! Өміріміздің жартысынан көбі бірге өткендіктен, сырымыз бір, жан түбінде жатқан ойларымыз бір, ортақ жан айқайымыз бар....əйтеуір, үлкен толқыныста болдым...жыладым да, күлдім де, марқайып шаттандым да... Əсіресе концерттің кəсіби деңгейі барлық жағынан өте жоғары болғанына қуандым! Асқардың əзілін көп адам қабылдай бермейтінін білетінмін, өйткені ол жеңіл-желпіге қызықпайды, сатираға нағыз кəсіби тұрғыдан қарап, терең астарлы дүниелерді жазады. Баяғы да Крокодил, Ара деген журналдар болушы еді...солардың бетіндегі əзілдер сияқты астарлы...Мен осы концерттен алған əсерімді түйіндесем былай дер едім:
1) Кəсіби шебер актёр, сатирик, өз халқының құрметіне бөленіп, жүректерін селт еткізіп, нағыз өзі іздеген көрерменімен кездесті;
2) Шəкірттің ҰСТАЗҒА деген қүрметінің, ҰСТАЗДЫҢ шəкіртке деген қамқорлығының үлгісін көріп көрермен марқайып қалды;
3) ДОСТЫҚ деген үлкен қүдіреттің бар екеніне, оның мызғымас екеніне тағы да көзім жетті!
АСЕКЕ! Киелі сахнаңда жарқырай бер жаным! Алла саған талантты ата-анадан дүниеге келуді бұйырды, сол кісілердің атын ары қаратай асқақтата бер! Жаратушы Ием саған ұзақ ғұмыр нəсіп етсін!!!

"Қызық кәнсерт" жұмысын тоқтатпайды. Асқар Наймантаев енді Республикамыздың облыс, аудан, ауылдарын аралауды жалғастырып, гастрольге шығуды жоспарлап отыр. Әрине, Алматыдағы қоанқтарды шұбыртып жүру мүмкін емес, өзінің жеке бағдарламасымен. "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ" енді Сіздерге барады! Кездескенше!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
11 Қаңтар 2018, 19:43
АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"
10 Қараша 2017, 22:40
СІЗДЕРГЕ АЙТАРЫМ БАР!
Пікірлер