BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Евровидение жеңімпазы украиндық әнші Джамала енді қазақ тілінде ән шырқамақ!

Әлемді дүр сілкіндіретін Евровидение фестивалі 2016 жылғы жеңімпазы украиндық әнші Джамала (Jamala) енді қазақ тілінде ән шырқамақ! Өзінің украиндық тілінде жазылған өмірге деген көзқарасы бар, терең мағыналы қайраты бар, жігер беретін "Крылья" әнін қазақша шырқамақ! Жақында бейнебаянының (клиптің) тұсаукесері барша өнер сүйер қауым назарына ұсынылмақ. Қазақ тілінің қасиеті мен құдіретіне шек жоқ екендігіне осы тұстан көруге болады. Өнер - ортақ! Қазақ өнері мен тіліне деген сүйіспеншілігі аса құрметті Джамалаға қолдау көрсетіп табыс тілейік! Алдағы қазақ тілінде шырқалатын "Самға" әнінің тұсаукесерін күтейік!

ДЖАМАЛА (JAMALA) - САМҒА

Орындаушы: Джамала ( Jamala)
Стихи: Татьяна Мимико
Текст (Украина): Виктория Платова
Текст (Қазақстан): Ардақ Тошынбай
Аранжировка: С.Ракишев

1-куплет.
Еркін арманға тек,
Амалым жетсе ұмтылам мен!
Бір күнді үмітпен,
Сәулелі жарық мәнін күттім ғой мен!
Айқындай биікте,
Жанады аспанда бір ой кеп.
Неліктен әлі де,
Көнбейді саған бәрі жалған-ей?!.

Қайырмасы:
Неліктен,
Неге сен мені?
Еңсердім бе? Шыда, сынақ қою!..
Жаңға сабыр бассам да, мен самғайын,
Налымай таластым ғой!..

Неге демеп сен мені,
Қолға алып кеттің? Мен сынбайын!
Қолдағаның - тыныс, сезейін,
Сыйлайсың. Тағдыр көнсе, күн алда!...

2-куплет.
Сұрағы жоқ... қара,
ал толқындарда мәнді жасырған нақ!
Бағыңда сөнбейді,
Алып күшіңді берсең маған-ей!

Қайырмасы:
Неліктен,
Неге сен мені?
Еңсердім бе? Шыда, сынақ қою!..
Жаңға сабыр бассам да, мен самғайын,
Налымай таластым ғой!..

Неге демеп сен мені,
Қолға алып кеттің? Мен сынбайын!
Қолдағаның - тыныс, сезейін,
Сыйлайсың. Тағдыр көнсе, күн алда!...

Bridge:
Айтарың:
"Самға, Алға, тоқтамай ер!
Ауыр тиген сындарды тағы да жең!
Төмендеу жат, саған бақ жетер енді,
Болғайсың бұл жалғанда дайын леп!
Айтасың сен мұңайма кетер енді,
Нағыз міне, осындай бұл жүрек!"

Аяма менен, самғайды нұр кеудем!
Қарашы, талпынса кең аспанға!
Махаббаттым жүрегімде нақты,
Алайда келмеді менің жаныма...


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер