BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ешқашан бірінші болып амандаспа...... (Адыгей даналығы)

1. Ешқашан бірінші болып амандаспа
2. Əрдайым кешке күнде тəтті жеп ауқаттан
3. Күнде таңертең аяқ киімнің жаңасын ки

Əке өсиеті.

Бір адықтың жалғыз ұлы бопты. Əкесі жасы келгесін ұлын шақырып алып
- Мен саған үш кеңес айтам, соны өмір бойы орындап жүр.
1. Ешқашан бірінші болып амандаспа
2. Əрдайым кешке күнде тəтті жеп ауқаттан
3. Күнде таңертең аяқ киімнің жаңасын ки


Уақыт өте келе əкесі бақи болып ұлы əкесінің кеңесін орындай бастайды.
Ешқашан бірінші болып амандаспайды, күнде кешкісін тəтті жеп ал күнде таңертең жаңадан аяқ киім сатып алып киіп жүреді. Бірақ бір қызық жағдай болады. Онымен ешкім сөйлеспейтін болған, бүкіл қаржысы тəттімен аяқ киімге кетеді. Сол уақыттарда баласы анасына келіп əкем маған өсиет қалдырған соны орындаймын деп барлығынан айрылдым. Əкем маған қастандық ойладыма, неге маған пайдасыз өсиет айтып кетті деп шамданған ұлына анасы,
- Əкең бұл өсиеттерінің мəнісін ұлың өзі келіп сұрамаса айтпа деп, айтуыма тиым салып кеткен.
Сонымен бірінші айтқаны
- Ешқашан бірінші болып амандаспа дегені таңда ерте тұрып алқапқа бірінші болып барып жұмысыңды баста, жолда өткен кез келген адам жұмыс жасап жатырған адамға бірінші болып амандасады.
- Екінші, күнде кешкісін тəтті же деуі, алқапта кешке дейін еңбектенген адамға кешкісін кез келген ас дəмді болады дегені,
- Үшінші, əрдайым жаңа аяқ киім ки дегені адық ешқашан аяқ киімін тазаламай ұйықтамайды, аяқ киіміңді кешкісін тазалап қойсаң таңертең жаңадан аяқ киім кигендей боласың дегені.
Əке өсиетін енді ұққан ұлы анасы айтқанындай жасаған кезде бəрі оңынан болып отбасын құрып ауқатты ғұмыр кешіпті.
© Адыгей даналығы
© аударған Əлібек Науаров

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер