BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЭКСКЛЮЗИВТІ ТҰСАУКЕСЕР! Украиндық әнші JAMALA қазақ тілінде ән шырқады!!!

00:00 / 3:56

Әлемдік деңгейдегі Евровидение жеңімпазы ерекше дауыс иесі украиндық әнші JAMALA (Джамала) 31-арна ұсынған I am singer Kazakhstan 2 жобасында тікелей эфирде "САМҒА" әніне тұсаукесерін жасады. Сол сәтте рухани мықты жігер беретін ән ыстық ықыласпен халық жүрегіне жетіп, қазақстандық көрермендер назарына бөленді. Ендеше Сіз де бағасын беріңіз!

Jamala - Самға (Samga)
Әні: Jamala
Сөзі: Ардақ Тошынбай

1-куплет.
Еркін арманға тек,
Амалым жетсе ұмтылам мен!
Бір күнді үмітпен,
Сәулелі жарық мәнін күттім ғой мен!

Айқындай биікте,
Жанады аспанда бір ой кеп.
Неліктен әлі де,
Көнбейді саған бәрі жалған-ей?!.

Қайырмасы:
Неліктен,
Неге сен мені?
Еңсердім бе? Шыда, сынақ қою!..
Жаңға сабыр бассам да, мен самғайын,
Налымай таластым ғой!..

Неге демеп сен мені,
Қолға алып кеттің? Мен сынбайын!
Қолдағаның - тыныс, сезейін,
Сыйлайсың. Тағдыр көнсе, күн алда!...

2-куплет.
Сұрағы жоқ... қара,
ал толқындарда мәнді жасырған нақ!
Бағың да сөнбейді,
Алып күшіңді берсең маған-ей!

Қайырмасы:
Неге демеп сен мені,
Қолға алып кеттің? Мен сынбайын!
Қолдағаның - тыныс, сезейін,
Сыйлайсың. Тағдыр көнсе, күн алда!...

Bridge:
Айтарың:
"Самға, Алға, тоқтамай ер!
Ауыр тиген сындарды тағы да жең!
Төмендеу жат, саған бақ жетер енді,
Болғайсың бұл жалғанда дайын леп!
Айтасың сен мұңайма кетер енді,
Нағыз міне, осындай бұл жүрек!"
Аяма менен, самғайды нұр кеудем!
Қарашы, талпынса кең аспанға!
Махаббаттым жүрегімде нақты,
Алайда келмеді менің жаныма.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер