BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дәстүрлі әнші Тамара Асар Жылыойлықтарды Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Наурыз - жаңару мерекесі



22 Наурыз күні Жылыой ауданының орталығы Құлсары қаласында Ұлыстың Ұлы күніне үш жерде мерекелік шаралар өткен болатын.
Аудан əкімі Əлимұхаммед Құттымұратұлы алдымен Теміржолшылар ықшам ауданындағы тігілген киіз үйге келіп шараға қатысушы теміржол саласында қызмет етіп зейнетке шыққан тұрғындармен кездесіп мерекеге орай тілегін айтты.
"Атырау-Жарық" ЖШС алаңында да серіктестік ұйымдастырған шарада аудан жəне қала басшылары Ұлыстың Ұлы күніне арнап ақ тілегін жеткізіп мерекеге қатысушыларға алғысын білдірді.
Орталық алаңдағы басты шараға жиылған мерекеге қатысушылар саны жыл санап артып келеді. Аудан әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы Ұлыстың Ұлы күнінде еліміздің дамуында ұлттық құндылықтарымызға баса назар аударуды ұмытпағанымыз абзал, 14 наурыз Амал яғни көрісу мерекесін Атырау облысы биыл бірінші болып Халықаралық форум етіп кең көлемде тойлап өткенін атап өтіп алдағы уақытта дəстүріміздің жаңғырығы ұлт болашағына үлкен серпін беретінін айтып орталық алаңға жиылған көпшілікке ізгі тілегін жолдады.
Жылыойға арнайы келген дәстүрлі әнші Тамара Асар аудан тұрғындарын ұлы мерекемен құттықтап ән шашуын тарту етіп жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Орталық алаңда сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтіп, дəстүрлерімізден көрініс қойылған болатын.
Осы жылы Наурыз мерекесіне 15 мекеме киіз үй тігіп киіз үй жанынан тұрғындарға наурыз көже мен тағамдар ұсынған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер