Желтоқсан бойы Астанадағы қоғамдық көліктерде жолақы 1 теңге болады. Бұл айлық акцияның басталғанын Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторы астаналық журналистерге ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтты.


Желтоқсан бойы Астанадағы қоғамдық көліктерде жолақы 1 теңге болады. Бұл айлық акцияның басталғанын Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторы астаналық журналистерге ұйымдастырған баспасөз туры барысында айтты.
2018 жылғы 1-31 желтоқсан аралығында астаналық тұрғындар мен қонақтар «Менің Beeline-ым» мобильді қолданбасында QR-код арқылы 2 жолақыны 1 теңгеден төлей алады. Бұл акция күнделікті 2 реттен аптасына 7 күн бойы жұмыс істейді.
«Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиевтің айтуынша, қазіргі таңда астаналықтардың 93%-ы жолақасын көлік картасы арқылы төлеуде.
«Қазіргі жолақы төлеу жүйесін (Жеңіл дүйсенбі) 3 қыркүйекте іске қостық. Бұл жобаны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен және Beeline Қазақстан ұялы байланыс операторымен бірлесе жүзеге асырудамыз. Қазіргі таңда Астанада қоғамдық көлікпен күн сайын 600 мыңға жуық жолаушы жүреді. Олардың 93%-ы көлік картасын қолдануда, шамамен 6%-ы әлі ақша төлейді. SMS-пен төлеу – нақты ақшасыз төлеудің бір түрі, ол жолаушыларға ыңғайлы жағдай жасау үшін енгізілген. Бұл әдіс жақында ғана енгізілгендіктен жолаушылардың 1%-ы ғана қолдануда, бірақ, алдағы уақытта бұл әдіс сұранысқа ие болады деп үміттенеміз. Себебі, төлем сол мезетте жүзеге асырылады, қосымша уақыт жұмсауды қажет етпейді», - дейді «Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев.
«Жеңіл дүйсенбі» акциясында қыркүйек айында 30 мың, қазан айында – 97 мың, ал қарашада – 130 мың транзакция жасалған.
«Дәл қазіргі таңда Beeline қызметін 10 млн абонент қолданады. Ал әр отызыншы абонент мобильді финанс қызметін пайдаланады. SMS-төлеммен қазір Қазақстанның 5 қаласында төлеуге болады: Астанадан басқа, Алматы, Орал, Атырау және Қызылорда қалаларының тұрғындары пайдалануда. Сондай-ақ жыл соңына дейін Қарағанды және Ақтөбе қалаларында да қосу жоспарда бар. Біздің негізгі мақсатымыз қоғамдық көліктегі жолақысын SMS-төлем арқылы төлеу мүмкіндігін жасау. Қараша айының соңында «Жеңіл дүйсенбі» акциясы аяқталады, есесіне желтоқсан бойы жолаушылар күніне 2 рет 1 теңгемен жүре алады», дейді Beeline Қазақстанның Цифрлы бизнес жөніндегі бас директоры Олег Алдошин.
SMS пен QR-төлемді Beeline Қазақстан «Астана LRT» компаниясының қолдауымен жүзеге асырды.
Бұл - Астана қалалық Жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы жанынан құрылған компания. Бүгінде «Астана LRT» қаланың көлік стратегиясын жасауда, қазіргі және ықтимал жобаларды жүзеге асыра отырып, жаңа стандарттарды енгізуде, ол жобалар:
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!