BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атыраулық азамат мүмкіндігі шектеулі балаларды ерекше тәсілмен емдеуде

Қазақстанның "100 жаңа есім" тізіміне әбден лайық деп танылған атыраулық Ерлан Күмісқалиевпен сұхбаттасудың сәті түскен ед. «Атырау маленькая страна» атты әлеуметтік жобаны қолға алған жерлесіміз өңірдегі мүмкіндігі шектеулі балалардың өмірлерінде оңды өзгеріс болуына ықпал етуде. Ерлан мырза «ерекше балаларды» өзінің оңалту орталығында итпен емдеу яғни канистерапия әдісін қолданып біршама жетістікке жеткен.
Кәзіргі кезде жерлесіміздің игі мақсатын қолдаушылар да табылған. Ерлан әлеуметтік желі арқылы қолдау сұрап хабарлама жариялағаннан кейін жеке кәсіпкерлердің бірнешеуі хабарласып қол үшін бере алатындығын жеткізген. Кәзір Атырау облыстық әкімшілігі тарапынан да қолдау тауып қала сыртынан оңалту орталығына арнайы жер телімі берліген. Бұл жерде иппотерапия* кешені құрылысы жүргізіліп жатыр. Құрылыс кешенінде мүмкіндігі шектеулі жандарды емдеу шарасында қолданылатын жылқыларды ұстайтын атқораның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр
- Бір жыл бұрын Грузияға барып инструктор-иппотерапевт халықаралық сертификатын алып келген едік. Соны алғалы тыным таба алмай, балаларымыз жақсы нәтижеге жетсін деген оймен азаматтардан көмек сұраған едік. Бір де біреуі бізге жоқ деп көрмепті. Бірі цемент берсе, бірі тас беріп жатыр. Тіпті, «Атырау-Ремстроймонтаж» ЖШС қара жерден яғни нөлдік циклдан бастап осы ғимаратты түгелдей тегін салып беріп, құрылыс жұмыстары жүргілілуде. Біздің орталықта 300-дей бала бағдарламаларымызға қатысқан екен. Солардың ішінде мектепке, балабақшаға барған балалар бар.
Кешен құрылысын тегін яғни өз қаржысына жүргізіп жатырған қолдаушылардың есімдерін халыққа таныту мақсатында оларды да сұхбатқа тартқан едік «Атырау-Ремстроймонтаж» ЖШС техникалық директоры Таутас Шәріпов

- «Атырау-Ремстроймонтаж» ЖШС директорымыз Жәнібек Шәріповтың қадағалауымен, тапсырмасымен осы істің басы-қасында жүрміз. Жоспар бойынша қойған уақыты жоқ, жігіттермен келісіп, осы кешен жұмысын 10 күнде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Құрылыстың басталғанына бір айдай уақыт болды. Басында әлеуметтік желілерден көріп жатырмыз, естіп жатырмыз, оқыдық. Сосын жігіттерді шақырып алып, қандай көмегіміз бар деп, сұрақтарымызды қойып, олар жағдай-мақсаттарын айтқан соң біз де шет қалмайық деп бар көмегімізді беріп жатырмыз.

Тәні саудың жаны сау демекші тәніміз сау болғаннан көп нәрсеге алаңдамай аңдамай аяқ басып жүре беретін көздеріміз көп. Сырқат белгілі бір межеде келмесі анық және ешкім бұл өмірге сырқат болып келейін демейді. Ал сырқат болып қалған жағдайда қолдау іздейді.

© Әлібек Науаров.

*ИППОТЕРАПИЯ - ЖЫЛҚЫ (Ат) АРҚЫЛЫ ЕМ ЖҮРГІЗУ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
24 Қазан 2018, 09:37
Жаңа күнім - жаңа бағым
Пікірлер