BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕМЕН "АШЫҚ ФОРМАТТА" СҰХБАТ ӨТТІ

Аудан бойынша Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында ілгерлеушілік бар, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай туғызу бағытында қаржылай және қаржылай емес қолдаулар беріліп келеді.
Қазіргі таңда кәсіпкерлер үйінде кәсіпкерлер үшін тегін консультациялық кеңестер беру, бухгалтерлік есептіліктерді жүргізу бизнес-жобаларды дайындау және сүйемелдеу бойынша қолдаулар көрсетіледі. Сонымен қатар осы жылы «Бастау - Бизнес» бағдарламасымен кәсіпкерлікке оқыту басталды.

Жылыой ауданы әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы «Бизнесті дамыту мен қолдау бойынша» аудан кәсіпкерлерімен ашық сұхбат өткізді. Ашық сұхбатқа қала, кент, ауылдық округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, коммуналдық кәсіпорындар, бұқаралық ақпарат құралдары мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысқан болатын.
Сұхбат барысында 20-ға жуық өтініш-шағымдары, проблемалық мәселелері, шешу жолдарымен, сонымен бірге бизнесті дамыту мен қолдау бойынша ұсыныстар талқыланды. Негізінен ашық сұхбатта кəсіпкерлер тарапынан көтерілген мəселелер: жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу, газға алдын ала төлемді алып тастау, жер, несие және тағыда басқа мәселелер көтерілді.
Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіп иелері газ және электр желісін тартып беруді сұраса, егін жұмыстарымен айналысатын кəсіп иелері иелік ететін жерлерін кеңейтіп беру мəселесін көтерген болатын. Аудан əкімі əр кəсіпкердің сауалының шешілу барысында қағазбастылыққа жол беріп жүрген бөлім басшыларына ескерту жасап мəселелерді бір жақты етуді тапсырып себеп салдарын заңға сəйкес нақты түсіндіріп беруді тапсырды. Сонымен қатар бірнеше кəсіпкер газ тұтыну жəне пайдалану бойынша алдын ала төлем жөнінде мəселе көтерген болатын, аудан əкімі мəселені жан жақты зерделеп тиімді шешімге келу үшін жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берді.
Жиын соңында аудан əкімі кəсіп иелеріне ауданның экономикалық дамуына ғана емес сонымен қатар мəдени өркендеуіне де үлес қосу керектігін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер