BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Антропологиялық зерттеу жүргізбей, бейіттен топырақ әкелуді тоқтату керек.

Тарихты қолдан жасау,
Ұрпақтың - өткенін ұмыттыру

Атырау облысы Жылыой ауданына қарасты аумақта Əжібай би жəне Арал батыр жерленген. Ел аузында бұл жер Бақашы қауымы. Орналасқан жері Құлсары- Ақкиізтоғай тас жолы бойының 12 ші шақырымында сол жақ бетте,Жем өзені жағасында. Тарихи мəдени кешен ретінде Ақтөбе облысынан Әжібай би, Арал батыр ұрпақтары келіп тəу етіп кетеді. Осы кешенге 2017 жылы кіші жүздің ханы Əбілқайырдың жары Бопай ханымның зираты (зират антропологиялық зерттеуден өтпеген) деп көрсеткен зираттан көрші Ресей жерінен топырақ əкелініп үлкен бас қосу жиын өтті.
Осы жерде өзім тарихшы ретінде бірнеше сұрақтың жауабын таппадым.
1. Бопайдың зираты екені қаншалықты рас?

2. ДНК сараптамасы жасалынған ба?

3. Сараптама жасалынып нақты осы Бопайдың сүйегі екен деген мəліметті алған күннің өзінде оны Жылыой ауданындағы Əжібай Арал кешеніне топырақ алып келудің тарихи маңыздылығы қандай?

Осы орайды төмендегідей ұсынысым бар.

1. Бопайдың қай жерде жерленгенін зерттеуді Атырау жəне Ақтөбе облыстық археологиялық орталыққа ұсыну.

2. Бопай сүйегі табылды деген жағдайдың өзінде оның қабірінен алынған топырақты Жылыой емес Ақтөбе облысы, Əйтеке би ауданы, Толыбай ауылынан 90 шақырым жердегі Хан моласы қорымына яғни Əбілқайыр ханның сүйегі жатқан жерге апару логикалық тұрғыда дұрыс тарихи шешім болады.

Əлібек Науаров тарихшы, Жылыой ауданы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер