BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АЛМАТЫДА "ҚЫЗЫҚ КӘНСЕРТ"

4.02.2018 күні, Алматы қаласы, "Алатау" дәстүрлі өнер театрында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асқар Наймантаевтың "Қызық кәнсерт" атты әзіл-сықақ кеші өтеді.

Кеш қонақтары: Қазақстанның халық аристі Тұңғышбай Жаманқұлов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс,Асылбек Боранбай, Марат Көккөзов, белгілі актер, сазгер Қадырғали Көбентай, Мәдениет қайраткері Отаралы Көлжан, пантомим өнерінің шебері, актер, ұстаз Ернар Бейсенбек, Ершат Қайырхан, Асқар Наймантаевтың шәкірттері Ринат Уәлиев, Назерке Оралбек, Маржан Әубәкірова сынды өнерпаздар қатысады.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай басталған бұл жоба Республикамыздың көптеген облыс, аудандарын аралап, жаңарып, қайта өңделіп, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Елімнің еркін күлкісі" атты ұранмен қайта жаңғырды. Енді міне өзі ғана емес, өнердегі достары, ұстаздары мен шәкірттері қосылып, үлкен кеш өткізгелі отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер