Аса мейірімді, ерекше рахымды Алланың атымен бастап, ұлттық салт-дәстүрімізді, дін-иманымызды қастерлейтін жандарды ақпан айының 12-ші жұлдызында Астана қаласы, Қарқабат көшесі, 2 мекенжайына сағат 12.00-де бастау алатын Шүкірлік Дастарханына шақырамыз. Бұл күн Еліміздің бірінші ханымы, аса қадірлі Сара Алпысқызының туған күні ретінде Айша Қоғамдық Қорының жыл сайын дәстүрлі түрде мерекелеп келе жатқан толағай мейрамы, балалармен аналарға сыйлықтар жасалып, Құран оқумен басталатын ілтипат күні! Милади Жаңа Жылдың алғашқы айының 12-ші жұлдызында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының құрылып, Қазақтың біртуар Ағасы Дінмұхаммед Қонаев атамыздың туылған күні аталып басталса, екінші ай, қыстың ең қысқа айы, келе жатқан Наурызды сағынған жүректердің асыққан алғашқы хабаршысы 12-ші ақпан құт-береке, ынтымағымен келсін лайым!
ШАҚЫРУ ХАТ
Бисмиллах. Жыл сайын Еліміздің бірнеше жерінде аталып өтіп келе жатқан дәстүрлі "Бәйбішесі Қазақтың Ел Қамқоры" ( Мама, милая Мама) ұлттық салт дәстүр, имандылық тағлымдары ХХ-шы Республикалық Фестивалі 12-сі күні сағат 12.00-де Елбасымыз Нұрсұлтанның анасы - Әлжан Анамыздың атындағы құрылысы жүріп жатқан қыздар Медресесі аумағында өтеді. Медресенің алғашқы нысаны, 16 жыл құрылысшы қауымға қызмет жасап тұрған кішкентай ғана Әбіш ата Мешітінде Ата-Баба, Аналар рухтарына Құран Қатым түсіріліп, Медресенің құрылысы бітуге аз қалған алғашқы блогында дастархан жайылады. Осы жерде бата берумен дұға оқудан және әнмен жырдан, кимешек-сәукелемен күндік - тақиядан сән үлгілерін әзірлеушілердің арасында сайыс өтеді. Ас мәзірлерін әзірлеуден байқау болады. Жеңімпаздарға Астана Мешіттерінің Құран Кәрім кітаптары және Астана Әкімдігінің Астана жайлы Кітаптары, Айша Қорының Қазақ Қызы көйлегімен бешпенті тапсырылады. Ертерек хабарласып, тіркелсеңіздер рахмет! Жарысқа қатысыңыздар, жеңіс баршаға мерей!
Құрметпен, Айша Қоғамдық Қоры.
aisha.medrese1@mail.ru эл.поштамыз, +7 701 470 1366 номерінде ватсаб бар. Қалалық телефон номері: +7 7172 540797. Мекен-жайымыз: Қарқабат көшесі, 2.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!