BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

28 адам ішімдіктен уланып қаза болды

Фото: 24.кз

Үндістанда отызға жуық адам ішімдіктен уланып қайтыс болды – деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Елдің солтүстігінде орналасқан Уттар-Прадеш штатында 28 адам қолдан жасалған ішімдіктен уланып қаза тапқан. Және оннан астам тұрғын ауруханада жатыр.

Осыған байланысты 5 мемлекеттік қызметкер жұмысынан босатылып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар бір адамды күдікті ретінде қамауға алған.

Видео дереккөзі: 24.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер