BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Замбияда қолтырауын асқазанынан адамның дене мүшелері табылды

Фото: BigPicture

Астана, BAQ.KZ. Замбияда жергілікті билік халықтың зәре-құтын қашырған қолтырауынның ізіне түсіп өлтірді. Бұл жөнінде Lenta.ru порталы хабарлайды.

Бұл оқиға елдің солтүстігіндегі Луапула провинциясында орын алды. Жергілікті халық жабайы табиғат және ұлттық парктер департаменті өкілдерінен қолтырауын 18 жастағы қызды өлтіргеннен кейін жабайы жануардың көзін жою бойынша көмек сұраған.

Прешес Каунда 7 желтоқсанда рептилияның құрбанына айналған. Ол ата-анасының рұқсатынсыз достарымен өзенге шомылуға кеткен кезде қолтырауын оған шабуыл жасаған.

Өлтірілген қолтырауынның асқазанынан бойжеткеннің сол аяғы табылған. Сонымен қатар, болжам бойынша балықшының да дене қалдықтары анықталған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер