BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Яндекс» компаниясына қарсы іс қозғалды

Фото: vladtime.ru

Мәскеудің монополияға қарсы федералды қызметі букмекерлік жарнамаға орай «Яндекске» қатысты іс қозғады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru порталына сілтеме жасап.

МФҚ қызметкерлерінің айтуынша, футболдан әлем чемпионаты кезінде букмекерлік конторлардың жарнамалары «Яндекс» парақшасында матчтың тікелей көрсетілімі барысында көрсетілген.

Сондай-ақ, жарнамалық хабарландырулар компанияның «Яндекс.Іздеу», «Яндекс.Видео», «Яндекс.Телебағдарлама» және «Яндекс.Жаңалық» сияқты сервистерінде де тараған.

«Яндекстің» әрекеті «Жарнама туралы» заңның 27 бабындағы 2,3 тармаққа қарсы келеді», - дейді ФМҚ өкілі.

Сонымен қатар ол, құмар ойындардың интернет-жарнамасына және оны ұйымдастыруға Ресейде тиым салынғанын айтып өтті.

Монополияға қарсы федералды қызмет өкілі ресейлік іздеу сервисіне қарсы қозғалған іс 25 қыркүйек күні қаралатындығын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер