WhatsApp-тың тағы бір жаңа түрі іске қосылды - Әлем|23 Қаңтар 2018, 13:26
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

WhatsApp-тың тағы бір жаңа түрі іске қосылды

WhatsApp мессенджерінің тағы бір жаңа WhatsApp Business қосымшасы шықты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы WhatsApp мессенджерінің құрастырушылары мәлім етті.

WhatsApp Business қосымшасы іскерлік хат алмасуға арналған. Жаңа қосымша қарапайым WhatsApp-қа қарағанда бизнес-профиль ашуға мүмкіндік береді. Мұндай аккаунтта кәсіпкерлер өзінің қызмет көрсету саласын толықтай көрсете алады. Яғни, онда компанияның іскерлік бағытын, телефон нөмірлерін, мекенжайын көрсетіп тұратын функциялар бар.

WhatsApp Business мобильді қосымшасын Android платформасынан тегін жүктеуге болады. Әзірше бұл қосымша Индонезия, Италия, Мексика мен Ұлыбританияда және АҚШ-та қолданылуда. Бірақ, компания өкілдері алдағы уақытта мессенджердің географиясын кеңейте түспек.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер