Виктор Калашников қайтыс болды - Әлем|28 Наурыз 2018, 17:58
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Виктор Калашников қайтыс болды

Кеңес үкіметінің және Ресейдің мылтық жөндеушісі, әрі құрастырушысы Виктор Калашников қайтыс болды. Бұл туралы М.Т. Калашников атындағы Ижев мемлекеттік техникалық университетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

Виктор Калашников 27 наурызда қайтыс болды. Жасы 75-те болған. 30 наурыз күні Ижев қаласында қоштасу рәсімі өтеді.

Виктор Калашников – танымал қару құрастырушы Михаил Калашниковтың ұлы. 1942 жылы 16 шілдеде дүние келген. 1966 жылы Ижев механикалық институтын тәмамдады.

Ол Калашников мылтығының мүмкіндігін арттыру үшін көптеген зерттеу жүргізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер